Қазақстанда аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2023 жылдың маусымында күдікті Алматы қаласындағы банктердің бірінде бірнеше клиенттің банктік шоттарына қол жеткізу үшін олардың абоненттік нөмірлерін өзгерту туралы өтініштер жіберген. Осылайша, ол 5 жәбірленушінің шоттарынан дропперлердің есепшоттарына ақша аударып, 230 миллион теңгеден астам қаржыны иемденген.
Айта кетейік, бұл қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.