Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

23 жоғары оқу орны, мыңдаған студент және 60 тоннадан астам пластик: Астанада «ReStart» жобасының мерейтойлық маусымы қорытындыланды

Осыдан он жыл бұрын «3.2.1 Start!» атауымен белгілі болған жоба бүгінде Қазақстандағы ең ауқымды студенттік экологиялық қозғалыстардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде еліміздің жоғары оқу орындарында эко-клубтар құрылып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелері енгізілді, экологиялық білім беру науқандары мен пластикті қайтаөңдеуге бағытталған жергілікті жобалар жүзеге асырылды. Бастапқыда идея мен арман ретінде туындаған көптеген бастамалар бүгінде тұрақты әлеуметтік жобалар ретінде жұмыс істеп келеді.

Мерейтойлық маусым жоба үшін жаңа даму кезеңіне айналды. 2025 жылы бастама жаңартылған «ReStart» атауына ие болып, Қазақстанның одан да көп студенттерімен университеттерін экологиялық мәдениет пен тұрақты әдеттерді қалыптастыруға тартуға бағытталған кеңейтілген миссияны қабылдады.

2026 жылы жобаға еліміздің 10 өңірінен 23 жоғары оқу орны қатысты. Маусым барысында студенттер экологиялық бастамаларды жүзеге асырып, білім беру іс-шаралары, сенбіліктер, қалдықтарды бөлек жинау акциялары мен пластикті қайта өңдеу жобаларын өткізді. Жиналған пластиктің жалпы көлемі 60 тоннадан асты.

Финалдың алғашқы күні командалар байқаукомиссиясына өз жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйелерін енгізу, студенттік эко-клубтарды дамыту, экологиялық акциялар мен сенбіліктер өткізу, сондай-ақ пластикті қайта өңдеу бойынша жеке бастамалары туралы баяндады.

Биыл ұйымдастырушылар жиналған пластик көлеміне ғана емес, сондай-ақ университеттердегі экологиялық шешімдердің жүйелі түрде енгізілуіне де ерекше назар аударды. Қатысушылар бірнеше бағыт бойынша бағаланды: экологиялық әсер, студенттердің қатысу деңгейі, білім беруқызметі, медиа белсенділік, инновациялық тәсілдер жәнежобалардың байқаудан кейінгі тұрақтылығы.

Финалдың екінші күні Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісінің депутаттары, бейінді министрлікөкілдері, БҰҰ Даму бағдарламасының мамандары, экологиялық ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен панельдік сессиялар өтті.

«Дәл осы ReStart бұл үдерісті іске қосады, және ертеңосы 200 000 адам шенеунік, депутат, кәсіпкер, қоғамқайраткері болады. Еліміздің күн тәртібін дәл осы кісілерқалыптастыратын болады. Осы жобаға қатысы бар барлықадамдарға, барлық ұйымдастырушыларға осындай орасанжұмыс атқарғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұлшынымен де өте ауқымды жұмыс», – деп пікір білдірді Ғылым және жоғары білім министрінің жастар саясатымәселелері жөніндегі кеңесшісі Тоқтар Болысов.

«Экология және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы үздік тәжірибелер» атты панельдік сессияда CCI Kazakhstan компаниясының корпоративтік коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі жетекшісі Алина Абилева сөз сөйлеп, компанияның экологиялық бастамалары мен бизнестің тұрақты шешімдерді дамытуға қосып жатқан үлесі туралы айтты.

«Біз үшін экологиялық бастамалардың бір реттікакциялармен шектелмеуі маңызды. Бұл жоба университеттерге инфрақұрылымды, білім беру бағдарламаларын және студенттердің тұрақты даму бойынша күн тәртібіне белсенді қатысуын қамтитын толыққанды жүйе құруға көмектеседі», деді Алина Абилева.

Сонымен қатар сессия аясында «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Алия Рахимбекова «ReStart» экологиялық жобасының 10-маусымының қорытындыларын ұсынған баяндама жасады.

«Бүгінде ReStart – бұл тек университеттер арасындағы байқау ғана емес. Бұл студенттер нақты экологиялық шешімдер әзірлеуді үйренетін алаң, ал ол шешімдер жоба аяқталғаннан кейін де өз жұмысын жалғастырады», деді Әлия Рахымбекова.

Спикерлер студенттердің экологиялық күн тәртібіне деген көзқарасының өзгеруіне ерекше назар аударды. Егер бұрын экологиялық жобалар негізінен волонтерлік бастама ретінде қабылданса, бүгін университет командалары пластикті қайта өңдеуден бастап кампустар ішінде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруға дейін әлдеқайда жүйелі әрі практикалық шешімдер ұсынып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба өңірлерде одан әрі кеңейіп, білім беру, жастар бастамалары және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы серіктестік арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған кең ауқымды стратегияның бір бөлігіне айналады.

ReStart жобасын CCI Kazakhstan компаниясының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту үшін коалиция» ЗТБ іске асырады. Маусым басында еліміздегі жоғары оқу орындарында экологиялық бастамаларды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, CCI Kazakhstan және Коалиция арасында үшжақты Іс-шаралар жоспарына қол қойылған.

Мерейтойлық маусымның финалы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен өтті.

«ReStart» жобасының мерейтойлық маусымының жеңімпаздары салтанатты марапаттау рәсіміндежарияланды. Бас жүлде – құны 5 миллион теңге болатын жабдық Кызылордадағы Қорқыт Ата атындағы университетке берілді. Ең белсенді кураторлар да ұйымдастырушылар тарапынан 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сыйақыға ие болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз