Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

23-ші ақпан бәле болды! Қазақ азаматында екі Отан бола ма?

1380

Биыл тағы сол! Әлеуметтік желіде 23-ақпанды қолдаушылар мен оған қарсылар өздерінің ұстанымдарын қорғап әлек. Бірақ қызыл әскердің құрылған күнін елімізге есімі кеңінен таныс азаматтардың қорғап шыққаны қызық болып отыр.

23-ші ақпанды жұлып тастай алмайсың!

Серік Жанболат

Мәселен, белгілі журналист Серік Жанболаттың айтуынша, Кеңес әскерінде қызмет еткендер 23-ақпан күнін атап өтеді. Әйтсе де, ол 7-мамыр Отан қорғаушылар күнін де назардан тыс қалдырмайтынын айтады.

Сөз жоқ, 7 мамыр – ұлы мереке. Тәуелсіз мемлекеттің мерейлі мерекесі! Бірақ, 23-ші ақпанда біздің жалындаған жастық шағымыз қалған, сүйінішіміз бен күйінішіміз, сағынышымыз бен табысуымыз бар. Ыстыққа күйіп, суыққа тоңып жүрсек те,  өзімізді Отан қорғаушысы ретінде сезінгенбіз. Арпалыс пен жанталасқа толы екі жылыңды қанша езеуресең де, жұлып тастай алмайсың. Сол себепті де ФБ-да екі мерекені шендестіріп, салыстырып жатқандарға “Әуре болмаңыздар!” дегім келеді.

Біз Кеңес елін ұлы Отанымыз деп түсіндік. Сондықтан оны қасық қанымыз қалғанша қорғауға дайын едік. Отан деп сүйдік оны біз. Оған ешқандай арланбаймын,

деп ағынан жарылды.

Ұзын сөздің қысқасы, Серік Жанболат Кеңес әскерінде қызмет еткен жауынгерлерді 23-ақпан мерекесімен құттықтап отыр.

Ол әскерге амалсыздан бардық қой!

Серік Ерғали

Ал оның әріптесі әрі аттасы Серік Ерғали болса, 23-ақпан біз үшін мереке емес дейді.

Қызыл армияның аға лейтенантымын. 1982-1984 жылдары Отарда 6 ай, сосын Өскеменнің Ахмиров гарнизонында 1 жыл ойнадым (қазақтар “служить етуді” солай айтқан). Бірақ 23-ақпан сардар ретінде мен үшін мереке емес. Себебі, бұл қызыл әскер екінші дүниежүзілік соғыста менің аталарыма қару бермей, тірі қалқан етті. Осы арқылы бізді олар екінші сұрыпты адам етті. Талай батырларға атағы мен абыройын сыйламады.

Бұл әскер салдақы саяси билік қолымен құрылды. Мен амалсыз соның қатарда болдым. Егер алдыңғы полк секілді Ауғанстанға айдағанда, онда да амалсыз ауғандармен соғысар едім. Бірақ бүгінгі күнді тойламас едім,

– дейді Серік Ерғали.

Оның айтуынша, ең ұлы мереке – 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Алайда ол Алаш әскерінің құрылған күнін отан қорғаушылар күні деп жариялау керек деген пікірде. Себебі, Алашорда – қазақ мемлекеттігінің қалпына келтірілген нұсқасы болып саналады.

Иә, екі Серіктің ойы екі түрлі екен.

Бірақ осы қазақ халқын қызыл қырғынға салған Кеңес үкіметінің отан қорғаушылар күнін атап өту қаншалықты дұрыс?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз