Пандемиядан бірінші кезекте демалыс орталықтары пайда көрді. Ал ұлттық парктердің экологиясы зиян шекті.
— Ішкі туризм шынымен дамуға серпін берді. Бұған мемлекеттік саясат пен нарықтың күш-жігері емес, пандемия мен карантин шаралары себеп болды.
Бірақ біз аса үлкен пайда көрдік деп айта алмаймын. Себебі қазақстандықтардың бәрі бірдей ел аумағындағы туристік сапарларын турфирмалар арқылы ұйымдастырмады
Яғни туристік нарық ештеңеден ұтпады.
Бірақ инфрақұрылым, орналастыру орындарына тиімді болды. Ел ішіндегі саяхатшылардың саны артты. Карантинде отырған адамдардың демалғысы келді. Шектеулердің жеңілдетілгені сол-ақ екен олар саяхаттай бастады. Алакөл, Бурабай, Балқаш секілді демалыс аумақтарындағы нөмірлерге сұраныс артты. Алматы маңындағы демалыс орындарына да сұраныс жоғары болды. Тамыз айында бос орын табу мүмкін емес болды, — дейді сарапшы.
Туристердің легінің артуы Қазақстанның ұлттық парктері аумағындағы экологиялық ахуалдың нашарлауына алып келді.
— Бұл адам аяғы сирек басатын табиғи орындарда жануарларды, табиғаттың ерекше құбылыстарын бақылауға, ән шырқайтын Барханның дыбыстарынан ләззат алуға болады. 2020 жылы маусымында туристер бұндай жерлерге көптеп келе бастады. Осыған байланысты саябақ әкімшілігі қатты алаңдады.
«Рекреациялық жүктеме» деген ұғым бар. Ұлттық парктерге келушілер санын белгілі бір шетен асыруға болмайды. Бұл:
Аумақтарды қоқысқа көмілуі — біздің қоғамның қасіреті шығар. Адамдар қоқыстарды жинап, өздерімен бірге алып кету керегін білмейді
Сонымен бірге, туристік нарықтың кейбір қатысушылары пандемияның шындығына төтеп бере алмады және жабылды. Олардың арасында хостелдер де бар. Рашида Шайкенованың айтуынша, осы типтегі орындардың көпшілігі жалға алынған үй-жайларда орналасқан.
— Үй иелері, әрине, жалға алу құнын түсірген жоқ. Ал
ал қонақтары жоқ хостел иелерінің жалдау ақысын төлейтін ақшасы болмады
Ал хостелдер — «қауіпсіздік жастығы» бар үлкен қонақ үйлермен салыстырғанда өте шағын бизнес. Қатаң карантин кезеңінде Алматының шекаралары жабылса да,
әкімдік кейбір хостелдер мен қонақ үйлерге дәрігерлерді, қала қызметтерінің өкілдерін және тұрғылықты жері қаладан тыс жерде орналасқан полиция қызметкерлерін ақылы түрде орналастырды
Бұл біраз уақыт бойы көмектесті, — деп атап өтті Рашида Шайкенова.
Қазақстан туристік қауымдастығының директоры сұранысқа ие демалыс базаларынан басқа Қазақстанның барлық туристік индустриясы үлкен соққы алды. Олар ғана емес, елдегі басқа салалардың да қиыдыққа тап болғаны анық. Оның болжамы бойынша, пандемия мен карантиннің жаңа толқыны болмаса 2021 жылдың аяғына қарай сала біртіндеп қалпына келуі мүмкін…