Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

2019 жылдан бастап екі пән ағылшын тілінде оқытылады

“НБО-да 4 пән бойынша барлығы 31928 мұғалім бар. Оның 62 пайызы ауыл мұғалімдері, қала бойынша 38 пайызды құрайды. 2 жыл ішінде республикалық бюджет есебінен 12 179 мұғалім тіл курстарынан өтті. Оның 750-і 2016 жылы оқытылса, биыл 11 429-ы тіл курстарынан өтті. Яғни жалпы 40 пайызын қамтыды”, – деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Шолпан Каринова.

Қазіргі уақытта тіл курстары Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, “Өрлеу”, “USTAZ Professional Learning Centre” ЖШС, “Astana School of Business and Technology” ЖШС, “Астана Білім Ордасы” ЖШС қатарлы алты ұйымда өткізіліп жатыр.

“Халықаралық емтихандарды тапсырған және оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде өткізіп жатқан пән мұғалімдері үшін 2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап негізгі лауазымдық қызметақыдан 200 пайыз көлемінде қосымша төлем төленеді”, – деді департамент басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз