Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

2018 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қанша теңгеге артады

199

Яғни 2018 жылдың 2 қаңтарынан бастап, базалық зейнетақыны қосқанда минималды зейнетақының мөлшері 49 019 теңге болмақ. Бұл зейнетақы қазіргі уақытта елімізде зейнет жасында отырған 2 миллион зейнеткерге беріледі.

Келер жылы енгізетін жаңалықтардың тағы бірі – 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесінде қатысуына қарай базалық зейнетақы жаңа әдіспен есептелмек.

«Нақтырақ айтқанда, егер еңбек өтілі 10 жыл немесе одан да көп болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 54 пайызға артық болады. 10 жылдың үстінен әр жыл сайын оның мөлшері 2 пайызға көбейіп отырады. Ал еңбек өтілі 33 жылдан асса, зейнеткерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайыздық мөлшері беріледі. Осыған байланысты, барлық зейнеткерлер үшін 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны бір жолғы қайта есептеу жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша зейнеткерлердің 44,1 пайызы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайыздық мөлшерін, ал 44,5 пайызы 74-тен 100 пайыздық мөлшерін алатын болады деп күтілуде», – деп түсіндіреді министрліктен.

Ведомствоның түсіндіруі бойынша, бұл әдіс әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етіп, адам неғұрлым көп еңбек еткен сайын оған соғұрлым көбірек ақша берілетін болады. Бұл қазіргі және келешекте зейнеткерлікке шығатын барлық адамдарға қатысты болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз