Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

2018 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы 75 доллардан асады – сарапшылар

Ол мұнай бағасының төмендеуіне экономиканың әртүрлі саласындағы энергияны үнемдеу технологияларының, тақтатас мұнай мен газдың көптеп өндірілуі тікелей әсер ететінін айтып өтті. Ал керісінше бағаның өсуіне Қытай, АҚШ және Үндістан секілді әлемдегі ірі экономикалардың өсуі де ықпал ететінін тілге тиек етті.

Мұнымен қатар, маман мұнай өндіруді қысқарту келісіміне назар аударды. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ОПЕК+ келісімі қатаң түрде орындалып отырады деп болжады. Айтуынша, көптеген мемлекеттің мұнай экспортын көбейту туралы талабын ескере келе, 2018 жылдың екінші жартыжылдығында Иран, Ирак, Венесуэла және Қазақстан сынды мемлекеттер бұл келісімді орындамаулары мүмкін.

«Егер әлемдегі мұнай мен газ бағасы 40-45 долларға дейін төмендесе, оларды экспорттайтын мемлекеттер мұнай өндірісін реттеуді қатаң түрде жүргізулері де мүмкін», – дейді Дауранов.

Естеріңізге сала кетсек, Ливиядағы мұнай құбыры жарылғаннан кейін Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 67 долларға жеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Мұнымен қатар, шетелдік сарапшылар мұнай бағасының мұнымен тоқтамай, 70 долларға дейін өсуі мүмкін екенін болжаған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз