Әлемдегі терроризмге қарсы күрестің 20 жылынан қандай сабақ алынды? Не іске қосылды және қосылмады? Бұл осы тақырыпты ұзақ уақыт бойы бақылап отырған BBC шолушысы Фрэнк Гарднердің пікірі.
“Әр ел, әр аймақ енді шешім қабылдауы керек”, — деді президент Джордж Буш 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан тоғыз күн өткен соң. — Сіздер не бізбен, не террористермен бірге боласыз”.
Содан кейін “террорға қарсы соғыс” деп аталатын дүниежүзілік соғыс басталды. 20 жыл ішінде ол Ауғанстанға, содан кейін Иракқа басып кірді. ИГИЛ көтерілісіне және бүкіл Таяу Шығыста радикалды қозғалыстардың содырларының таралуына әкелді. Сондай-ақ, мыңдаған әскери қызметшілердің және одан да көп бейбіт тұрғындардың өліміне әкелді.
Жетістіктері де болды. Кем дегенде, 11 қыркүйектегідей ауқымда бірде-бір рет террорлық шабуыл болған жоқ. Ауғанстандағы “Аль-Каида” базалары жойылды. Ұйым басшылары, Сирия мен Ирактың көп бөлігінде ласкестікпен тіршілік еткен, өзін-өзі жариялаған ИГИЛ халифаты (ҚР-да тыйым салынған) жойылды.
Алайда
терроризм жойылмады – соңғы жылдары барлық ірі еуропалық елдер шабуылға ұшырады
Әрі қарай не болмақ? Терроризммен күресушілер 20 жыл ішінде қандай сабақ алды… немесе алған жоқ па?
11 қыркүйекке дейінгі бірер айларда Американың екі ірі барлау агенттігі – ФБР және ЦРУ бір нәрсе дайындалып жатқанын білді.
Бірақ арнайы қызметтердің бәсекелестігі оларға ел ішінде және шетелде алынған мәліметтерді біріктіруге мүмкіндік бермеді. 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдар жөніндегі комиссияның есебінде жіберілген қателіктер мұқият талданып, АҚШ-тың барлық арнайы қызметтері мен агенттіктері арасындағы байланысқа айтарлықтай жақсартулар енгізілді.
Ұлыбритания 2003 жылы Біріккен терроризмді талдау орталығын (JTAC) құрды. МИ5, МИ6, қорғаныс, көлік, денсаулық сақтау және басқа салалардағы ондаған мамандар Ұлыбритания азаматтарына елде және шетелде Террористік қауіптерді үнемі бағалауды қамтамасыз етеді.
Алайда JTAC құрылғаннан екі жыл өткен соң, “Аль-Каида” Лондонда қатарынан жеті лаңкестік жасады. 50 адам қаза тапты. Келесі жылында Пәкістанның көмегімен бірнеше әуе кемесін басып алуды жоспарлаған ауқымды қастандықтың алдын алды. Бірақ 2017 жылы Ұлыбритания тағы да көптеген шабуылдарға ұшырады, оның ішінде Манчестердегі лаңкестік шабуыл бар.
130 адамның өмірін қиған және қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатқан Париждегі 2015 жылғы Bataclan шабуылы, ішінара Еуропа билігінің шекарадан тыс елдермен барлау жасаған мәліметтерімен уақытылы алмаса алмауының нәтижесі болып отыр.
Яғни, ел ішіндегі агенттіктер арасында ақпарат алмасу жеткіліксіз.
Барлық елдердің арнайы қызметтерінің үйлестірілген әрекеттері қажет
Дегенмен, әлемдік біртұтас арнайы қызмет құрғақ қиялға ұқсайды.
Ауғанстанда талибтердің билікке оралуының көптеген себептерінің бірін атап өткен жөн: 2003 жылы АҚШ-тың басқаруымен Иракқа басып кіру. Бұл қате шешім Ауғанстанда болып жатқан жағдайды айтарлықтай ұмыттырды.
“Аль-Каида” содырларын сәтті қадағалап, Талибанды ұстап тұру үшін Ауған серіктестерімен жұмыс істеген АҚШ пен Ұлыбританияның көптеген арнайы күштері шығарылып, Иракқа жіберілді.
Бұл “Талибанға” және басқа күштерге қайта топтасуға және қайтадан күшейе түсуге мүмкіндік берді.
Ауғанстандағы алғашқы миссияның нақты болғанын және жақсы орындалғанын ұмыту оңай. “Талибан” басшыларры қылмыскерлерді ұстап беруден бас тартқаннан кейін, АҚШ “Талибан” мен “Аль-Каиданы” сәтті ығыстыру үшін Солтүстік Одақпен (“Талибанға” қарсы ауғандықтар) бірікті.
Бірақ кейінгі жылдары миссия көптеген бағыттар бойынша жіктеліп кетті.
Мүмкін, 20 жыл ішінде ауғандықтардың көпшілігінің өмірі айтарлықтай жақсарған шығар, бірақ “ұлт құруға” жұмсалған миллиардтаған доллар ысырап болды.
2003 жылы Иракқа басып кіруі кезіндегі Ұлыбританияның өзінің ең жақын одақтасы АҚШ-пен серіктестігі Ұлыбританияның кейінгі оккупация кезінде қабылданған барлық негізгі шешімдерде кіші серіктес болғанын білдірді.
Британдықтардың Ирак армиясын таратпауға және Баас партиясының барлық мүшелеріне мемлекеттік лауазымдарды атқаруға тыйым салуға шақырулары еленбеді немесе қабылданбады. Нәтижесінде Ирактың наразы және жұмыссыз қалған әскери және барлау офицерлерінің фанат жиһадшылармен қауіпті одағы пайда болды. Бұл Исис болды.
11 қыркүйектен кейінгі ұжымдық дүрбелеңнен белгілі болғаны
АҚШ пен Ұлыбританияның барлау қызметі, сайып келгенде, демократиялық емес режимдермен жұмыс істей бастады
Мысалы, полковник Каддафи 2011 жылы Ливияда құлатылғаннан кейін, журналистер МИ-6 аға офицерінің Ливиядағы әріптесіне жазған хатын тапты. Бұл режимге қарсы шыққан Каддафиді беру туралы өтініш болды.
Бүгінгі таңда зорлық-зомбылық джихадизмі Африканың нашар басқарылатын немесе басқарылмайтын бөліктерінде қайта жанданып, Батыстың кіммен ынтымақтасуы керек деген мәселені тудыруда.
Таяу Шығыста адамдар былай дейді:
“Бізге АҚШ-тың сыртқы саясаты ұнамауы мүмкін, бірақ біз әрқашан олардың заңдылығын құрметтедік. Гуантанамо шығанағына дейін”.
Шын мәнінде, олар күдіктілерді еш дәлелсіз ұстады, “ұрыс алаңынан” деген желеумен, оның ішінде экстремистердің тұтқынында болған және төлем күтіп отырған азаматтарды да жинады. Содан кейін оларды байлап, көрінбейтін көзілдірікпен және құлаққап кигізіп, жарты әлемді шарлатып Кубадағы АҚШ Әскери-теңіз күштерінің қорғауындағы орталыққа жеткізді. Америка мен Батыстың беделіне өте үлкен зиян.
Сотсыз ұстау – бұл автократиялық елдердің айрықша құзыреті. АҚШ-тан мұны ешкім күткен жоқ.
Әлем Гуантанамодағы “күшейтілген жауап алу” және азаптау туралы білгенде жағдай одан да нашарлады. Күдіктілер, ондап із-түссіз жоғалғанда тіптен ушықты. Обаманың президенттігі бұған нүкте қойды, бірақ жоғалған сенім енді қалпына келмейді.
Салыстырып көрейік, 11 қыркүйекке дейінгі батыстық басқыншылық салыстырмалы түрде жылдам әрі қарапайым болды. Сьерре-Леоне, Косово, тіпті 1991 жылғы “Шөлдегі дауыл” науқаны – бәрі қисынды аяқталды.
Бірақ АҚШ басшылығымен алдымен баса-көктеп Ауғанстанға, кейіннен Иракқа кіруді “мәңгілік соғыс” деп атай бастады. 2001 немесе 2003 жылдары бұл процеске қатысушылардың ешқайсысы олар сонда жиырма жылдай қалады деп ойлаған жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, Батыс неге кіріп бара жатқанын түсінбеді. Шығудың нақты жоспары болған жоқ.
Егер Батыс 2001 жылы Ауғанстаннан талибтер мен “Аль-Каиданы” ығыстырмағанда, сол жерден жаңа шабуылдар шығады деген күмән болған жоқ.
Бұл елдегі терроризмге қарсы миссия сәтсіз болмады, бірақ ұлт құру міндеті бәрібір аяқсыз қалды
Бүгінгі таңда бүкіл әлем тұрғындарының жадында қалатын жалғыз нәрсе – ұшқалы тұрған АҚШ Әскери-әуе күштері ұшағының маңында үмітсіз жүгіріп жүрген ауғандықтар. Олар Батыс сатып кеткен елден қашуға тырысты.