Таңғажайып жағдай көп жыл бұрын жоғалып кеткен Қазақстан азаматын табуға көмектесті.
Ата-ана қызын ұзақ іздеген. Үмітін жоғалтпаған туған-туыстары оның бала кездегі жалғыз суретін қазақстандық дипломаттарға табыстапты. Бірнеше жылдан кейін қазақстандық консул Душанбеде автокөлікпен келе жатып, таныс болып көрінген әйелге кездейсоқ назар аударды.
“Қызды жол бойынан көріп қалдым. Оған суретті және туған-туысқандары жіберген видеоны көрсеттім, ол жарты сағат жылап, түсініксіз жағдайға түсті, —
дейді СІМ ресми өкілі. —
Біз оны елшілікке алып келдік, қайтарға билетке ақша жинадық, Қазақстанға оралу үшін арнайы құжат-куәлік бердік”.
Белгілі болғандай, Әсел ажырасып кетіпті. Ол Қазақстанға оралды.