Қазақстан Ұлттық банкі 19-мамырға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. 1 АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы 329,89 теңге сомасында бекітілді.
„1 АҚШ доллары — 329,89 теңге, 1 еуро —371,69 теңге, ресей рублі — 5,05 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 475,64 теңге, жапон йені— 3,01 теңге, 1 қытай юаны — 50,48 теңге, 1 қырғыз сомы —4,81 теңге, 100 өзбек сумы— 11,43 теңге болды„ – деп жазылған ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16:00-де белгіленді.