Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

19 әйелді өлтірген полицей өмірлік түрме жазасына кесілді

433

Ресейдің Жоғарғы соты алғашқы үкімнің күшін 11 қыркүйекте жойған еді.

Сот үкім шығарған уақытта қылмыс мерзімі өтіп кеткені ескерілмеген деп есептеген. Өйткені қылмыстардың бірқатары 1990-жылдары және 2000-жылдардың басында жасалған. Өмірлік түрме жазасы оған 6 наурызда шығарылған еді. Ақпанның аяғында алқа билер соты Чуплинскийді кінәлі деп таныған.

Тергеу Чуплинскийді 19 әйелді айуандықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп тастағанын анықтаған. Ол бұл қылмыстарды 1998-2005 жылдар аралығында Новосибирск ішкі істер департаментінде жұмыс істеп жүргенде жасаған.

Тергеу мәліметі бойынша, ол жезөкшелерді зорлап, одан соң оларды өлтіріп отырған.

Қолға түскен уақытта ол жасаған қылмыстарын мойындап, тергеумен келісімге отырған. Қылмыс болған орындарға барып, әйелдерді қалай өлтіргенін баяндап берген. Чуплинский психологиялық сараптамадан өткен. Дәрігерлер оның дені сау екенін анықтаған.

Бірақ 2017 жылы сәуірде ол кінәлі еместігін айтып, берген мәлімдемелерінен бас тартқан. Сотталушының әйелі мен балалары бұл қаладан көшіп кетуге мәжбүр болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз