Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-10
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

18 отандық компания 12,5 млрд доллар қаржыны шетелде сақтап отыр – Назарбаев

Президенттiң айтуынша, қазақстандық ресуртардан табыс тауып, елiмiзде жұмыс iстей отырып, сыртта ақша сақтау дұрыс емес. Бұл қаржы Қазақстанға, инвестицияларға жұмыс iстеуi тиiс.

«Маған АҚШ-тың әрекетi ұнады. Олар алды да, барлық оффшорды ашып тастады. Тiптi Швейцарияда да ешкiм орналастыра алмайды. Англия да барлық ресейлiк және қазақстандық ұйымдар шоттарын ашу керек деп жариялап отыр. Не күтiп отырсыздар, түсiнбеймiн. Бiрiншi жартыжылдықта ғана мемлекет қарамағындағы компаниялар шетелде ұстап отырған қаржысын 2 миллиардтан 6 миллиард долларға дейiн ұлғайтқан. Мен бұны акционер ретiнде Үкiметке тапсырамын», – дедi Елбасы Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа.

«Бұны анықтап, маған есеп берiңiз. Әрқайсымен сөйлесу керек. Ескертемiн, егер бұны орындамасаңыздар, мен осы қаржыны қайтару үшiн басқаша әрекет етемiн. Бiрақ, ол кезде сiздер болмайсыздар. Бiз сiздерден тартып аламыз немесе бiр шара қабылдаймыз деп отырған жоқпыз. Мемлекет кәсiпорындарға табыс табуға барлық жағдай жасады, ал сiздер сонда қазақстандық ақшаны мемлекеттен жасырып отырсыздар ма? Болды, жетедi. Кемелерге байыдыңдар, басқа елдерде коттедж бен үйлер алдыңдар. Бiз әлi ешкiмдi тексерген жоқпыз, табыс табуға мүмкiндiк бергiмiз келдi. Бiрақ, бұның барлығын сiздерге мемлекет бергенiн ұмытпаған жөн. Егер премьер-министр анықтамаса, бұл iспен мен өзiм айналысамын», – деп түйiндедi Мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз