Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

17 жастағы алматылық қыз Көкшетауда 3 ай бойы сексуалды құлдықта болған

Сонымен қатар, қаланың үлкен алаңдарындағы экраннан бірнеше күн бойы осы тақырыпқа байланысты роликтер көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының ақпараты бойынша, 6 ай ішінде облыс аумағында адам саудасына қатысты 17 дерек тіркелген. Оның ішінде “адам саудасы”, “кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке мәжбүрлеу”, “кәмелетке толмағандарды саудалау” сынды айыптауға ұшырағандар бар.

5 шілде күні полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында 22 және 27 жастағы екі ер адамды қолға түсірді. Олар 2017 жылдың мамыр айынан бастап 17 жастағы алматылық қызды күштеп ұстап, интимді қызмет көрсетуге мәжбүр еткен.

Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз