Бекболат Тілеухан өзінің 11 баласының бар екендігін айтып, оларды қалай тәрбиелейтінін ашып айтты.
“Қазір заман қиын негізі, бұрынғыдан гөрі әлдеқайда күрделі. Бұрынғы қоғамдық қарым-қатынас өзгеріп кетті. Көп нәрсе өзі технологиялық дамулардың нәтижесінде біраз нәрсеге қол жеткізгенімен, біраз нәрседен айырылып қалдық. Ең бір қиын нәрсе бар, елдің бәрі қазір отала қашқандай жүгіріп жүргенде, оттың басында отырып әкесі бар, баласы отырып тамақ ішетін жағдайлардың өзі қиын болып кетті.
Менде өзі, Аллаға шүкір 11 бала бар. Кішкентайлары мүлдем кішкентай, үлкендері өсіп кетті.
Бісміллә. Әке ретінде бұрнынғыларына ептеп талап қоятынмын, қартайып жатырмын ба, кейінгілеріне тым жұмсақ болып бара жатқандай көрінемін. Бірақ негізі аса жұмсақ болмаған жақсы. Өйткені әкеміз бізге жұмсақ болған жоқ, одан жаман болған жоқпын”, – деген ол бала тәрбиелеудің күрделілігін атап өтті.
Мұны естіген жұрт таң қалысып, қошеметтерін аямады.
https://www.facebook.com/100008371812302/videos/1998503500438691/
Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде Бекболат Тілеуханның тағы бір перзенті дүниеге келген болатын.