Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“1000 теңге бола ма?!.”. 2018 жылы не қымбаттап, ненің арзандайтыны белгілі болды

211

«Біз ұзақ мерзімді тарифтерге көштік. Жоспар бойынша қазір айта алмаймын. Бірақ тарифтер көп мөлшерде өспейді. Өзгереді, бірақ көп емес. Бәрі инфляцияға байланысты. Инфляция көлемі 1 пайыздан аспайды.

Жаңа жылдан бастап,

ұзақ мерзімді тарифтік жоспар бойынша көтеріп жатырмыз, көп көтрілмейді.

Бұл саланы жаңғырту екі жылдан бері жүріп жатыр.

Дәстүрлі электр станциялары өндіретін энергияны арзандату туралы Президент тапсырмасы бар. ЖЭС-1, ЖЭС-2 секілді базалық станцияларды айтып отырмын. Мұнымен ҚР энергетика министрлігі айналысып жатыр. Инфляцияның көтерілуін антимонополиялық комитет толық бақылауына алып отыр. Жыл сайын антимонополиялық тексерістер жүргізіліп, бағаны асыра көтергендерді жазалап отырады. Антимонополия коммитеті стандартты жұмыстар жүргізіп жатыр», – деді Серік Жұманғарин.

Тағы нақтылай түссек. Мәселен, таяуда Теміртауда 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап коммунальдық қызмет түрлері қандай шамада өсетіні жарияланды.

«1 қаңтардан бастап Теміртауда жылу Т98,25/ш.м., салқын су – Т134,55/текше метр (Т1628,97 егер есептегіш құрал болмаса айына), ыстық су – Т337,12/текше метр (Т1076,80 егер есептегіш құрал болмаса), кәріз – Т42,76/текше метр немесе әр адамнан Т654,31 алынады»,- деп хабарлады «Оқжетпес» компаниясы.

Газ тарифі: Министрлік 10 процентке қымбаттатамыз деп шешті

Күні кеше газ тарифінің 10 процентке қымбаттайтынын белгілі болды.

ҚР Энергетика министрлігі осындай жарлық шығарды. Бұл құжатқа сүйенсек, 2018 жылдың 1-қаңтары мен 31-наурызы аралығы үстеме бағаға салынған салықты есептемегенде газдың бір тоннасының шекті бағасы 38 701, 67 теңге болады. Ал қазір Қазақстанда сұйытылған газдың бір тоннасы 34 319 теңге екенін есепке алсақ, онда өсім 10 процентті құрайды.

Бензин, жолақы, теміржол билеттерінің бағасы да өседі

Сондай-ақ жылды қорытындылап, „Деловая неделя„ басылымына сұқбат берген ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев келесі жылы бензин мен азық-түлік бағасының өсетінін айтты, соған байланысты теңге бағамында өзгеріс боп қалуын болжаған еді ол.

«…2018 жылы жекелеген кейбір тауар мен қызмет көрсету нарықтарында, негізінен, азық-түлік пен жанар-жағармайға қатысты келеңсіз жағдайлар қайталануы мүмкін.

Соған байланысты адамдар мен бизнес инфляция күшейетінін сезіп, ол валютаның айырбас бағасындағы күрт өзгеріске ықпал етуі ықтимал. Егер осы қауіп-қатер орын алса, онда экономикада инфляцияның күш алуы заңды болады. Ондай жағдайда ақша айырбас бағамының дәліздегі шекті көлемін өзгертуге де тура келуі мүмкін», — деді Ақышев.

Бас банкирдің келеңсіз деп меңзеп тұрғаны биылғы бензиннің бағасы. Жанар-жағармай жылыңыз не, ай сайын бағасын өзгертіп, біресе тапшы боп, біресе қымбаттап елдің есін шығарып еді. Демек, келесі жылы да осылай болайын деп тұр ғой.

Бензин қымбаттаса, онда еліміздің жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус билеттері де қымбаттай бастайды. Қазірдің өзінде Өскемен қаласы қоғамдық көліктің қымбаттайтынын алдын ала жариялап үлгерді.  Бұрын мұнда жолақысы 80 теңге болса, енді 90 теңге болмақ.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ өкілдері 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап, билет бағасын 7 процентке қымбаттатуды жоспарлап отыр.

Атап айтқанда, тарифтер мына бағыттар бойынша көтеріледі: – № 085/086 – “Астана-Сарыағаш”; – № 021/022 – “Қызылорда-Семипалатинск”; – № 313/314 – “Атырау-Манғышлақ”; – № 339/340 – “Павлодар-Пресногорьковск”; – № 373/374 – “Алматы-Жезқазған”; – № 603/604 – “Астана-Арқалық”; – № 377/378 – “Алматы-Манғышлақ”. – № 085/086 – “Қарағанды-Сарыағаш”; – № 021/022 – “Алматы-Семей”; – № 22/6941/6942/21 – “Алматы-Достық”; – № 339-55/56-154 – “Павлодар-Қызылорда”. – № 085/086 “.

Өз кезегінде “Турксіб-Астана” ЖШС директоры Владимир Рожко бағыттардың біреуіне тарифті жоғарылату туралы жоспарын айтты.

“Бізде “Қостанай-Алматы” бағытындығы ғана пойыздың бағасы үш пайызға қымбаттайды”, – деді ол.

320 теңгелік темекі 380 теңге болады

Келесі жылдан бастап, ең арзан деген бір қорап темекінің бағасы 380 теңгеге дейін қымбаттайды. Өйткені акциз құны өседі. Мемлекеттік кіріс комитеті оның мөлшерін 60 теңгеге дейін көтермекші.

Қазіргі уақытта ең төменгі баға 320 теңге, ал келесі жыл соңына дейін ол 380 теңгеге жетеді.

Сауда нүктелері одан да қымбатқа сатуы мүмкін.

Төлқұжатты енді 9 мыңға емес, 19 мың 240 теңгеге жасатасыз…

 

Қазақстанда шетелге шығу кәулігін жасату 2 есеге қымбаттайды. Бұл өзгеріс таяуда қабылданған жаңа Салық кодексінде жазылған.

Бұрын шетелге шығу үшін төл құжат алуға қазақстандықтар 9 мың теңге жұмсаса, енді 19 240 теңге төлейтін болады. Өйткені төлқұжатты алу бағасы бұрын 4 айлық есептік көрсеткішті құраса, оны енді 8 айлық есептік көрсеткішке көтерген (1АЕК- 2269 теңге).

Қазіргі таңда Қазақстанда уақытша және тұрақты тіркелу үшін айлық есептік көрсеткіштің 10 проценті — 227 теңге алым ұсталады.

VIP нөмірлер де қымбаттайды

Қазақстанда 2018 жылдан бастап, көліктің «модный» нөмірлері де қымбаттайды. Жаңа Салық кодексіне сәйкес, автокөліктің VIP нөмірлеріне салынатын баж салығы қымбаттайды.

Ал қазіргі қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 (мемлекеттік органдардың автокөлік нөмірлерін қоспағанда) мемлекеттік нөмірлер 137 АЕК немесе 310 853 теңге (2017 жылы) болды.

Бұдан басқа, цифрлы белгісі бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 нөмірлерге 228 АЕК немесе 517 332 теңге (2017 жылы) төлеу керек.

Жаңа Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу үшін бұрынғыша 2,8 АЕК (2018 жылы 6734 теңге) бекітілген.

Мұнымен қоса, VIP нөмірлердің тізімі ұлғайды. Нөмір қаншалықты «керемет» болса, соншалықты көбірек ақша төлеу керек.

 

Азық-түліктің де қымбаттайтыны болжанып отыр, бірақ бұл арада нақты бағаны көрсету мүмкін емес.

Ал арзандайтындардың қатарына көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұлдар мен сырттан әкелінетін автокөліктер кіреді.

Ресейден арзан көлік сатып алуға болады деген рас па?

Еске сала кетелік, 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты көлік жүргізушілер арасында Ресейден және осы одаққа кіретін басқа да елдерден көлік әкелуге салынатын алымдар мен салықтар азаяды екен деген алып-қашпа әңгіме бар. „Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды„ демекші, алым мен салықтың азаятындығы рас боп шықты. Бірақ оның көлік бағасына қатты әсері бола ма, бұл жағы енді өте күмәнді.

Мәселен, келер жылдан бастап, өзге елдерден кіргізілетін автокөліктерге салынатын баж салығы ДСҰ алдында алымдарды төмендетуге байланысты міндеттемелері бойынша көліктердің пайдалану мерзіміне сәйкес 1 процентке төмендетіледі. Пайдаланылғанына 3-7 жыл болған, қозғалтқыштың жұмыс көлемі 1500 текше см. – 3000 текше см. аралығындағы көлікке салынатын алым 19-дан 18 процентке төмендейді, яғни 1-ақ процент.

Оның үстіне, шетелден әкелінген көлік бағасына баж салығынан бөлек, қосылған құн салығы, утилизациялық алым, алғашқы тіркеу алымы және техпаспорт және нөмірге төленетін алымдар қосылады. Осының бәрін есептеп кеп жіберсеңіз, сырттан автокөлік алдырту арзан болады деген бос сөз сынды. Дегенмен аз-маз арзандау болатыны анық.

Қазақстанда бірқатар айыппұл түрінің мөлшері төмендейді

Бұл туралы ҚР Парламентінің Мәжілісі қабылдаған өзгерістер мен түзетулер енгізілген ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көрсетілген.

Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде жалған мемлекеттік нөмірлерді орнату туралы 590-бап бар. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін айыппұл 1000 айлық есептік көрсеткішткен (АЕК-тен) 400 АЕК-ке азаяды.

Бұрын сағатына 10-20 км жылдамдықпен жүргендерге 22 690 теңге, яғни 10 АЕК болса, заң жобасы бойынша айыппұл сомасы 5 АЕК- ке (1АЕК-2269 теңге), яғни 11 341 теңге боп арзандайды.

Әкімшілік Қылмыстық кодекстегі 594-баптағы «Қиылысатын жолдарды немесе жолды кесіп өту ережелерін бұзу» бойынша айыппұл мөлшері төмендейді.

596-баптың әкімшілік тармағы бойынша жол бойына автокөлікті орналасу, қарама-қарсы бағыттағы жолға өту, жаяу жүргінші жолына түсу сияқты ереже бұзған үшін айыппұл құны 20 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін төмендейді.

Қарама-қарсы бағытқа өту, бұрылыс ережесін бұзғаны үшін жүргізуші куәлігін тартып алу 1 жыл емес, 6 айға қысқартылады.

597-баптағы аялдама және көлік тұрақтары туралы ережені бұзғаны үшін 10 АЕК-тен 5 АЕК мөлшеріне дейін төмендейді.

Аялдама және жаяу жүргінші жолы, балалар, спорт мекемелері аймағындағы ережелерді бұзғаны үшін айыппұл мөлшері 15 АЕК-тен 10 АЕК-ке азяды.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тұрақтар мен аялдамалар ережесінің бұзылуына салынатын айыппұл сомасы 50 АЕК-тен 10 АЕК-ке төмендейді.

Бағдаршам тыйым салған әрекеттерді істеу 20 АЕК-тен 15АЕК-ке азаяды.

Жол жүру ережелерін сақтамау, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол пайдаланушыларына жол беру туралы 600-бапқа өзгеріс енеді. Оның айыппұл мөлшері 20 АЕК-тен 15 АЕК арзандайды.

Жаяу жүргіншілердің және басқа жол пайдаланушылардың жол қозғалысына қойылатын талаптар жеңілдетіледі. 615-баптағы 15 АЕК айыппұл мөлшері 10 АЕК-ке азаяды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз