Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“100 жаңа есім”: Паралимпиада спортының жарық жұлдызы – Серік Есматов

752

Серік кішкене кезінен алғыр, атына сай жеті қырлы бір сырлы. 19 жасында алған марапаттары мен медалдері де көп. Бокс, марафон, футбол, волейбол. Тіпті, оның ішінде дарынды оқушыға берілетін белгісі де бар. Негізгі марапттары Серіктің волейболдан екен. Ол – паралимпиада спортшысы, отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан жастар құрамасының мүшесі.

Серіктің ауызбіршілігі мықты отбасы бар. Екі үлкен ағасы және ата-анасы үнемі жанында.

Өмірін күрт өзгерткен қайғылы оқиғаны жас жігіт былай еске алады:

„Оң жағым аяғым үгіліп кетіпті, қатты бүлінді, ашық зақым болды„ – дейді ол.

Дәрігерлер ол аяқты аман алып қала алмапты. Серік ауруханада осы апаттан соң жарты жыл жатқан.

– Қайта өмірге келгенмен бірдей болдым, – дейді өзі де.

Кезекті дәрігерлер тексеруі кезінде оған бір кісі назар аударыпты. Сөйтсе ол волейболды отырып ойнайтын команданың жаттықтырушысы екен. Тағдыр тәлкегіне түскен жас жігітті жұбатқан ол өзінің жанына келіп, спортпен шұғылдануды жалғастыруға кеңес беріпті.

– Келсем залда жиырма шақты аяғы жоқ адам отырып алып, волейбол ойнап жатыр екен. Оларды көрдім де таң қалдым. Бұл мен үшін жаңалық болатын. Өйткені мүмкіндігі шектеулі адамдар мұндай ауыртпалықты көтере алмайды, оларға салмақ салуға болмайды деп ойлайтынмын. Сөйтсем бәрі болады екен. Менің мүгедек жандар туралы ойым мен пайымым осы кезде өзгеріп сала берді, – дейді Есматов.

Қазақстанның ұлттық құрама сапына қосылуға Серікке әлі ерте. Бірақ ол одан үмітті, сондықтан жаттығуды үзбейді. Оның үстіне қазір ол Қазақ спорт және туризм академиясының екінші крус студенті. Волейбол және олимпиада спорт түрлері бойынша жаттықтырушы болсам дейді. Қаладағы түрлі іс-шараларға, қайырымдылық акцияларына белсенді түрде ат салысып отырады.

Қоғам қайраткері, тіпті саясаткер болсам ба деген де бір ойы бар.

“Егер қоғам сенімен санассың десең, онда оның бір бөлшегіне айналуың керек”, — дейді Есматов.

Ол мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы деп тіпті Алматының өзіне қанағаттанарлық деген бағаны бере алмайтынын айтады.

– Мен жаспын, спортшымын, оған қоса мені үнемі қолдайтын жақын туысым жанымда. Ал бізде арбаға танылған көптеген адам бір бөлмеде қамалып отыруға мәжбүр. Өйткені бәрінің бірдей жанында жүретін адамы жоқ, ал бөтендерге өтініш қылу бізде бос әурешілікпен пара-пар.

Негізі, біздің қоғам қатыгез. Кез келген күні кез келген жағдайда жүзбе-жүз келесіз онымен.  Елдің жанарын байқайсыз сұқтанған. Сыртыңнан қарап тұрады.

Мүмкін: „Неге үйінде тыныш отырмайды екен жағаласпай, арбамен ары-бері сүйретілмей„ деп те ойлайтын шығар. Ал тура жүздеріне қарасыз жанарын алып қашады.

Мүсіркеудің керегі жоқ бізге. Бізге керегі өзімен тең қараса болғаны. Мұндайда расында көңілін түсіп кетеді, ыңғайсызданып қаласың. Қай тесікке кіріп, қалай өмір сүретініңді де білмей қаласыз, – дейді ол.

Серік өзінің кумирі австралиялық шешен, меценат, жазушы әрі әнші Ник Вуйчич екенін айтады. Ол тумысынан тұқыммен берілетін сирек ауру – тетраамелиямен ауырады.  Салдарынан ол аяқ-қолынан да айырылған. Шетелдік кумирі Қазақстанға да келіп дәріс оқуы мүмкін екен. Есматов күндердің күні өз кумирімен кездесетініне кәміл сенімді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз