Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

1 шілдеден бастап қанша зейнеткердің базалық зейнетақыны толық алатыны белгілі болды

Ал егер еңбек өтілі 10 жылдан асса, онда тағы 2 пайыз үстеме қосылады. Мәселен, 11 жыл еңбек өтілі барлар төменгі күнкөріс деңгейінің 56 процентін алатын болады. Егер еңбек өтілі 28 жылды құраса, күнкөріс деңгейінің 90 пайызына жуықтайды”, — деді Жақыпова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол 1 шілдеден бастап республикадағы 2 миллион зейнеткердің қаншасы базалық зейнетақыны 100 пайыз көлемінде алатынын айтты.

“Бүгінде 2 миллион 148 мың адамның 44,5 проценті ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын алатын болады. Абсолютті мәнде айтсақ, 940 мыңға тарта зейнеткерге 28 284 теңге төленеді. Тағы 43-44%-ы, яғни 931 мыңы  74 пайыздан 90 пайызға дейін алады.

Тек 120 мың зейнеткер ғана күнкөріс деңгейінің 54 процентін алады. Себебі бұл азаматтардың еңбек өтілі 10 жылдан кем”, — деп нақтылады министр орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз