Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

1 шілдеден бастап қандай жәрдемақы өседі?

6910
jasqazaq.kz

2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезінен I топтағы мүгедекке күтім көрсететіндерге берілетін жәрдемақы көлемі өседі, деп хабарлайды Stan.kz.

Бүгінде мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар күн көріс көлемінің 1,05 мөлшерінде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр.

1 шілдеден бастап оның көлемі 10 395 теңгеге өсіп, 41 578 теңгені құрайтын болады.

Айта кетейік, елімізде аталған екі жәрдемақы түрі 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезінен I топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндер.

Жылдың ортасынан бастап көлемі өсірілетін жәрдемақының қайта есептелуін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері мен Еңбек комитетінің аймақтық департаменттері автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшін жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.

Жәрдемақы төлемдерін тағайындау шілденің және келесі әрбір айдың 1-нен 15-не дейін жұмыс күндері жүргізіледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз