Елордадағы су бұрқақ маусымы 1-мамырда ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еліміздің бас қаласында барлығы 122 субұрқақ бар екен. Оларды дайындау жұмыстары 23-наурызда басталған.
Осы уақыт ішінде субұрқақтарды суық уақытта сыртқы әсерден қорғайтын фанерлер жөнделді. Айналасы қоқыстардан тазартылды. Шамдары мен сорғы жабдығын баптау жұмыстары жүргізілді.