Зообақ директорына «арызданған» аққу интернет сүйіктісіне айналды

99 просмотров

Соңғы уақытта Алматыдағы хайуанаттар бағының айналасындағы дау-дамай өршіп тұр.

Тіпті мамандар еліміздегі ең үлкен зообақты «хайуанаттардың концлагері» деп айыптап та үлгерді. Жан-жануарлардың күтімсіз, аш, аянышты жағдайда ұсталуы – соңғы кездері қызыл кітапқа енген барыс секілді сирек кездесетін жыртқыштардың өліміне әкеліп соқтырып отыр. Көпшілік мұның себебін – хайуанаттар бағының басшылығына кездейсоқ адамдардың келуін, жиі ауысуынан да көріп отыр.

Ал мына видеодағы Ресейдің Барнаул аймағындағы зообақ директоры Сергей Писаревтің хайуанаттарға деген махаббаты көңіл толқытпай тұрмайды. Тіпті оған Жорик есімді аққу келіп бірқазандардың үстінен шағымданып тұрады екен. Онымен сөйлескен Сергей Писарев Жорикті еркелетіп, тыныштандырып, бірқазандардан «ақысын алып береді».

Загрузка...