Алматыда журналистер арасында бильярд сайысы өтті

80 просмотров

Өткен жексенбіде Алматыда бильярдтан БАҚ арасында Қазақстан журналистикасы күніне арналған «World of Tanks Billiard CupKZ» турнирі өтті. Оны «Радиоточка» ақпарат агенттігі мен Wargaming компаниясы («World of Tanks»компьютерлік ойыны) ұйымдастырды. Wargaming компаниясы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған турнирді тұңғыш рет қолға алып отыр. Компания Қазақстанда бұған дейін соңғы үш жыл бойы «World of Tanks» ойынынан отыздан астам турнир өткізген болатын. Сөйтіп, ол өскелең ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне барынша көңіл бөлуде.

13600134_1400368509990102_7114815114537067067_n«World of Tanks Billiard CupKZ» бильярд турнирі еліміздің журналистерінің делебесін қоздырды. Сайысқа Қазақстанның түрлі БАҚ-тарынан 24 команда қатысты. Әр командада екі адамнан болды. Мерекелік көңіл-күйге қарамастан, матч үлкен тартыспен өтті. Журналистер бильярдтан керемет ойын көрсете білді. Турнирдің көрермендері мен қонақтары жарысқа қтысушылардың көпшілігінің асқан шеберлігіне тәнті болды.

Бас жүлде үшін өткен аса тартысты сайысқа 24 команда қатысты. Сөйтіп, жарыс қорытындысы бойынша, Кубок пен плазмалық теледидарды«Wargaming» компаниясының ТМД-ғы арнайы жобалар департаментінің басшысы Алексей Олехновичтің қолынан «Курсив» газетінен Широких Александр алды. Екінші орын мен планшет «Жас Алаш» газетінен қатысқан Сарсеев Илиясқа бұйырды. Турнирдің қола медалі үшін «Қазақ әдебиеті» газетінен қатысқан Жанарбек Әшімжан мен «КТК» телеарнасының өкілі Фархат Қыстықбаев тартысып, 3-і орын Жанарбек Әшімжанға бұйырды. Ал Фархат Қыстықбаев «Радиоточка» медиа-порталының арнайы жүлдесіне ие болды.

Турнирді ұйымдастырушылар негізгі жүлделерден бөлек, басқа да қосымша марапаттар тапсырды:

1) «Радиоточка» медиа-порталы редакциясының сыйлығы» номинациясы бойынша – КТК телеарнасы марапатталды.

2) «МОСТ» клубының дипломымен–«Алматы» телеканалынан Үмбетәлі Меймеш марапатталды.

3) «Негізгі калибр» дипломымен —«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Алмат Әбдіраман марапатталды.

4) «Басқыншы» дипломымен–«Жетісу» газетінен Мәди Алжанбай марапатталды.

5) «Турнир ақсақалы» дипломымен – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы Есенсариев Ғалым марапатталды.

6) «Фадин медалі»дипломымен –Жетісу телеарнасынан Қасымжан Құрманжан марапатталды. 7) «Жеңіске деген жігері»дипломымен «Abai.kz» интернет-порталынан Айдос Сарым марапатталды.

8) «Қаруластар» дипломымен–«Караван» газетінен Жұмашев Руслан марапатталды.

9) «МОСТ» бильярд клубының арнайы сыйлықтарына «CENTRAL ASIA MONITOR» газетінен Қуаныш Досқалиев, «Новое поколение» газетінен Құрашев Мұратқа және «Tengrinews.kz»

порталынан Қарабалин Сұңқар ие болды.

Wargaming компаниясы туралы

Wargaming–онлайн-ойындарды жасап шығаратын ең ірі компаниялардың бірі. Оның негізі 1998 жылы қаланған. Содан бері 15-тен астам жобаларды жасап шығарып үлгерді.

Қазір компания ХХ ғасырдың орта тұсындағы соғыстарға арналған әскери ойындарды дайындап жатыр. Олар: World of Tanks, World of Warplanes және World of Warships.

Wargaming–бейнеойындар индустриясындағы алғашқы компаниялардың бірі. Ол әскери техниканың әйгілі үлгілерін сақтау және жаңғырту шараларына білек сыбана қатысып жүр. Wargaming-тің осы салада жүзеге асырып жатқан барлық акциялары мен жобалары 2013 жылы құрылған «Бәрі есте» ғаламдық бастамасы аясында жүргізіледі.

13522069_1400368423323444_4879892599208156672_n

Загрузка...