Жапонияда 2 сағатта 13 млн доллар ұрланған

21 просмотров

Бүкіл Жапония аумағындағы 1,4 мың банкоматтан екі сағаттың ішінде жалпы алғанда 1,4 миллиард иен (13 миллионға жуық доллар) сомадағы ақша ұрланды. 

seven-bank

Бұл туралы The Japan Times хабарлады. Оқиға 15 мамырда орын алса да, бұл туралы тек енді ғана белгілі болып отыр. Қолма-қол ақшаны заңсыз алу оқиғалары Токио қаласында және тағы 16 префектурада тіркелген. Тергеушілер қылмысқа 100-ге жуық алаяқ қатысты екенін жобалап отыр. Шамамен 14 мың транзакцияның әрқайсысының барысында олар 100 мың иен (900 доллардан көп) сомада ақша шешкен. Бұл ретте ОАР банктерінің бірінен ұрланған пайдаланушылардың мәліметтері жазылған жалған пластик карточкалары пайдаланылған.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұрлыққа ірі халықаралық қылмыстық ұйымдасқан топтың мүшелері қатысы бар деп санайды.

Қазіргі кезде полиция ақшаны ұрлағандарды анықтау үшін бейнебақылау таспаларындағы жазбаларды тексеріп жатыр.

Загрузка...