Жамала қыз әнімен Түркиядағы Қырым татарлары халқының көңілін қозғап, көшеге шығарды

25 просмотров

 

„Еуровидение — 2016„ ән байқауының жеңімпазы украиналық Жамаланың қайғылы әні Қырым татарлары халқының басынан өткен қасіреті мен қайғы-мұңын дөп басып, оны әлемге айнытпай жеткізді. Сондықтан әнші қыздың жеңісінен соң Түркияда Қырым татарлары депортациясының 72-жылдығына арнап, арнайы митинг өткізілді. Анкарадағы бейбіт акция Стокгольмдегі Жамала қыздың жеңісінен соң өткізілді. Бұл туралы snaua.info хабарлайды.

 

„Анкараға Түркияның түкпір-түкпірінен бұл күні жұрт жаппай ағылды. Олар Ататүрік атындағы мәдениет орталығы ғимараты алдында жиналды. Бұл бастаманы Қырым татарлары ұйымы платформасы ұсынған„ делінеді арнайы хабарламада.

Көшеге шыққан халық қолдарына Украина мен Түркия жалауларын алып шыққан.

 

Кейіннен митингке қатысушылар түрік және қырым халқы құрбандарын еске алып, бір минут үнсіздікті сақтады. Одан соң қолдарын кеуделеріне қойып, үлкен құрметпен Түркия мен Қырымның әнұранын тыңдады.

Загрузка...