Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Жұрт мақтаған Альварес чемпиондық белбеуін Головкинге төбелессіз бере салды

Негізінен, бұл белдікке таласу үшін, мексикалық Сауль (Канело) Альварес пен Геннадий Головкин қолғап түйістіруі керек болған.

«Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартуы жайлы ресми хабар алды.  Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанды. WBC  Канелоға карьерада сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге үміт артып отырмыз». – делінген ұйым қаулысында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де WBO тұжырымы бойынша чемпион Дэниел Гил да чемпиондық белдігін Головкинге төбелессіз бере салған болатын. Бұған қоса, GGG орта салмақтағы топ ондыққа кіретін боксшының бесеуін жеңген еді. Ең мықты деген Альварестың ахуалы мынадай болды. Енді тек орта салмақтағы тағы бір чемпиондық атақ WBO (Бүкіләлемдік бокс ұйымы) тұжырымы қалды. Бұл белдік британиялық Билли Джо Сондерстің еншісінде. Бұл боксшы да ешбір кездесуінде жеңіліп көрмеген. Тым болмаса, осы жекпе-жек болады деп үміттенеміз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз