Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Өзбекстан имамдары мұсылмандарды мақта жинауға шақырды

123

Ферғанадағы мешіттердің бірінде істейтін діни қызметкер Рахимджан Ташкенттегі діни басқармадан осындай нұсқау алғандарын растап отыр. Былай делінген екен –

имамдар ел ішінде мақта жинау тақырыбын көтеріп, шаруалар мен мемлекетке мақтаны жинауға көмектесуі керек

Дін және мақта

«Азаттық» саясаттанушы Мұхиддин Шириновтың осы турасындағы пікірін біліпті:

— Ваджиб амалы – исламдағы орындалуы міндетті іс. Оны орындамаған адам күнәхар болса, орындаған адам Жаратқанның шапағатына бөленеді. Егер Өзбекстан сияқты мұсылман елінде мешіт имамы қандай да бір істе халықты мемлекетке көмектесуге шақырса, ол өте дұрыс болады. Алайда бұл жағдайда имам діни нұсқауға иек артып, мақта жинау – ваджиб амал деп отыр, ендеше, ол өз сөзіне дәлел ретінде қосымша дәйектер келтіруге міндетті. Менің пікірім, имамдар мақта жинау – ваджиб деп айтпауы керек еді. Халық олардың айтқанын дұрыс түсінбеді, — дейді дін маманы.

Халықты көмекке шақырудан бөлек имамдар билікке мақта теруге ақша жинауға көмек беруде. Олар діни қауым мен демеушілерден қайыр-садақ ретінде түскен ақшаны мақта жинау науқанына бағыттап жатыр екен.

— Сондай-ақ «жоғарыдан» мақта терушілерге материалдық қолдау көрсету туралы нұсқау келді. Біз билікке діни қауым мен демеушілерден келіп түскен 360 мың сумды ($60) демалыс күндері мақта теруге ақы төлеу үшін бердік, – деп хабарлады радио тілшісіне Ташкенттегі мешіттің қызметкері

Сонымен қатар „Азаттық радиосы„ имамдарға халықты мақта теруге шақырып қана қоймай, солармен бірге алқаптарға шығу да тапсырылғанын хабарлайды.

hlopok-e1475127516508

Әлеуметтік желі не дейді?

Cotton Campaign халықаралық ұйымы Өзбекістан үкіметін үнемі мәжбүрлі еңбек еткізуді пайдаланудан бас тартуға шақырып отыр. Сондықтан имамдардың халықты мақта теруге үндеуі әлеметтік желіліер мен БАҚ-та түрлі пікір тудырды.

Лондонда тұратын өзбектің белгілі қоғам қайраткері Алишер Ильхамов өзінің Facebook-тағы парақшасында келесі пікірді жазыпты:

«Өзбекстандағы ресми имамдар ненің харам, ненің халал екенін ажырата алмай әлек. Ел арасынан білікті діни маман табылып, жұмыс істеуге мәжбүрлейтін құлдықтың харам екенін түсіндіреді деген үміттемін.

Ал халал деген не? Құранды оқиық: «Жұмаққа апаратын ауыр жолдың не екенін білу, саған не береді? Ол құлды азат ету» (Әл-Балад сүресі, 90:12-13). (Islamdag.ru-да солай жазылған). Ендеше, Қасиетті жазбаға сәйкес,

еңбекке мәжбүрлеуге қарсы күресіп жүрген құқық қорғаушылар мен журналистер жұмаққа барады

Ал құлдықты ақтаған діни қызметкерлердің қайда баратынын іштеріңіз сезіп отырған шығар».

Мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған

Сонымен бірге, Өзбекстан кәсіподақтарының федерациясы (ӨКФ) мақта жинау кезінде мәжбүрлі және балалар еңбегін пайдалану фактілері туралы хабарлау үшін „сенім„ телефонын ұйымдастырды.

«Еліміздің әрбір азаматы мақта жинау науқанына өз еркімен қатысуға құқықты. Егер сізге қысым жасалса, құқыңыз бұзылса 1092 сенім телефонына хабарласыңыз», — делінген kasaba.uz сайтына жарияланған федерация хабарламасында.

Ұйымның ақпараты бойынша, кері байланыс механизмі табысты жұмыс істеуде.
2015 жылғы қарашада Халықаралық еңбек ұйымы сарапшыларының қатысуымен мақта шаруашылығындағы балалар еңбегіне жасалған мониторинг Өзбекстанның кәмелетке толмаған балаларды мақта жинауға жүйелі түрде тартатынын анықтаған жоқ. Солай десек те, мониторингтің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды — мақта жинау науқаны кезінде ересектерді мәжбүрлі жұмысқа жегу қаупі әлі де сейілмегенін көрсетеді.

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз