Қызметінен босаған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Президенттің кеңесшісі болды

144 просмотров

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған Елбасының жарлығында айтылады.

Мемлекет басшының үкімімен Владимир Зейноллаұлы Жұмақанов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы қызметінен босады.

Бүгін отставкаға кеткен премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

2007 жылдан бастап Жұмақанов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 2010 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болды. 2015 жылы 25 желтоқсанында Жұмақанов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалған.

Загрузка...