Қытай ақшасы — юань 2011 жылғы қаңтардағы деңгейге дейін төмендеді

29 просмотров

Қытай халық банкі елдің ұлттық валютасы — юань бағамын долларға шаққанда, 0,43 пайызға әлсіретті, — деп хабарлайды РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасаған inform.kz.

 

Қытай халық банкі долларға шаққандағы орташа айырбас бағамын 6,5784 юань мөлшерінде белгіледі. Бұл 2011 жылдан бері қытай валютасының ең төменгі бағамы екені нақтыланады.

 

25-мамырда Қытай Халық банкі долларға шаққанда юань бағамын 2011 жылдан бергі ең төменгі белгіге дейін әлсіретті, ол кезде көрсеткіш 6,5693 юаньді құраған.

Загрузка...