Ыстамбұлда жарылыстан 11 адам ажал құшты

24 просмотров

Ыстамбұлдағы автобус аялдамасында жарылыс болды. Салдарынан 11 адам ажал құшып, тағы 36 кісі жарақат алды. Бұл туралы жергілікті баспасөзге сілтеме жасап, Рейтер агенттігі мәлімдейді.

Қаза тапқандардың жетеуі полиция қызметкерлері, ал төртеуі бейбіт тұрғындар екені анықталды.

Қайғылы оқиға Ыстамбұл қаласының орталық ауданы — Везнеджилерде орын алған.

Алдын ала келтірілген мәлімет бойынша, қаскөйлер тәртіп сақшыларын көздеген. Өйткені, полицейлер мінген автобус өтіп бара жатқанда қасындағы миналанған көлік жарылған. Әзірге ешбір топ оқиғаны өз мойнына алған жоқ.

Загрузка...