Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Ыстамбұлдағы жарылыстар Ресейдің жымысқы тірлігі» — Әзімбай Ғали

Осылайша  саясаттанушы Ресей сарапшыларының сөзін жоққа шығарып, лаңкестік оқиғаның артында Мәскеу тұрғанын меңзеді.

«Ыстамбұлдағы жарылыстар тікелей Ресеймен байланысты. Өйткені Ресейдің қит етсе соғыс жариялайтын жаман әдеті бар. Бірақ оның бәрін Ресей күрд содырларының, исламистердің қолымен жасайды немесе Украинадағы қарулы топтарға жаба салады. Ресейдің Түркияға өкпесі бар. Өйткені түрік билігі ұшақ апаты үшін дұрыстап кешірім сұрамады»

– деді Әзімбай Ғали.

Бұған дейін ресейлік сарапшылар орын алған қастандықты күрд жұмысшылар партиясының содырлары мен ИШИМ жауынгерлеріне жапқан болатын.

Әзімбай Ғалидің пайымдауынша,

қастандық Ресей жетегінде жүрген содырлардың ісі болуы ықтимал. Ал мұндай амалдар билікке Путин келгелі басталған.

Басында білінбегенімен қазір анық көріне бастапты.

«Бірақ мұның түбі жақсылыққа апармайды. Енді батыс Ресейге бұрынғыдан да қатты шүйлігеді»,

– деген пікір айтты саясаттанушы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз