Ыстамбұлда төлқұжаты жалған Қытай ұйғырлары ұсталды

28 просмотров

Ыстамбұл әуежайында Сауд Арабиясына бағыт алмақ болған Қырғыз Республикасының төлқұжаты бар 98 Қытай азаматы ұсталды. ҚХР азаматтары сол елдегі этникалық ұйғырлар екен. Олар Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайына Үрімшіден ұшып келген. Бұл туралы centralasian.org сайты хабарлайды.

Олар Мысырдың солтүстігіне билет алған. 16-мамырда төлқұжаттық бақылаудан өтіп, транзиттік залға шығады. Сол арада қолдан жасалған Қырғызстан төлқұжаттарын төрт адам табыс еткен.

Нurriyet агенттігі Қытай азаматтарының әр төлқұжатқа 2,5 мың еуродан және әуе билетіне 300 доллардан төлегенін хабарлайды.

Полиция күдіктілерді «Түрік әуе жолдарының» Джидда (Сауд Арабиясы) бағытындағы ұшағына отыру кезінде ұстаған.

Қытайдың 98 азаматы ресми тергеу аяқталған соң отандарына қайтарылады. Оларға төлқұжат сатқан төрт адамның қай елдің азаматтары екені белгісіз.

Қытайдағы ұйғыр азаматтарының Еуропаға шығу үшін Қырғызстан төлқұжатын сатып алу оқиғалары бұған дейін де тіркелген.

Загрузка...