Қырғыз-қазақ арасындағы сауда-саттық шиеленісіп бара ма?

106 просмотров

Соңғы уақытта қазақ пен қырғыздың арасында «сауда соғысы» жүріп жатқанын жиі естиміз. Қазақстан санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қойып, қырғыздың көптеген азық-түлік түрлерін өз шекарасына кіргізбей отыр. Ал Бішкек болса, бұл «әлдеқайда сапалы, арзан өнімдермен бәсекелесе алмайтын көрші – қазақтардың зымиян әрекеті» дейді.


Айыр қалпақты ағайын бізді екіжақты сауда-саттықтың техникалық мәселелерін реттемей, істі созып отыр, деп айыптайды. Айта кету керек, бұл шиеленіс Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін бір жылға жетпестен, 2015 жылдың 20 қарашасында Астана тарапынан екі ел шекарасындағы фитосанитарлық бақылау алып тасталғанына жарты жыл толмастан пайда болды.

Шиеленіс себептері

Аталған жағдайдың негізгі себептерінің бірі – Қырғызстанның Қазақстанмен арадағы даулы мәселелерін шешіп алмастан, ЕАЭО-ға кіруі болды. Одаққа кірер алдында Бішкек тарапы Астана алдында өзіне тиесілі міндеттеменің бәрін мойнына алып, уәдені үйіп-төккен, бірақ одаққа кіргеннен кейін  міндеттемелерін толық орындамай отыр. Қазақстан тарапы Қырғызстанның Кедендік Одаққа кіруіне арналған жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру үшін 100 млн доллар көлемінде грант төлеуге келіскен. Ал, Қырғызстан бұл ақшаға фитосанитария, ветеринария саласындағы мәселелерін шешетін болып келіссе де, өз уәдесінде тұрмады.

Мәселені қалай шешуге болады?

Жасыратыны жоқ, екі ел де кедендік одаққа өз араларындағы осындай проблемаларды шешіп алмай тұрып мүше болды. Мысалы, 2012 жылдың екінші жартысында Қырғызстан Экономикалық даму министрлігі шекаралық бақылау саласында шешілмеген мәселесі үшін, қазақстандық өнімге эмбарго жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсеткен. Біздің тарап та жауапсыз қалмай, қырғыз жеріндегі сиырлар арасында аусыл ауруы көбейе бастағандықтан, олардан келетін сүт өнімдеріне шектеу қойды. Қырғыздар да қайтпай, аусыл ғана емес, сібір жарасы ауруы өршіп тұр деген сылтаумен, біздің ет, сүт, алкоголь, темекі мен кондитерлік өнімдерімізді тұтыну – адам денсаулығына қауіпті деп мәлімдеген болатын.

Қазақстандық халықаралық қатынастар маманы Сейілбек Асановтың айтуынша, қазір қайта туған бұл шиеленіс Қазақстан тарапының пайдасына шешілуі керек.

Сейілбек Асанов

— Себебі, Астана Бішкекпен екі ортадағы сауда-саттыққа айтарлықтай мұқтаж емес. Өйткені,

қазақтар – қырғыздардың сауда-саттық саласындағы ең негізгі 3 әріптестерінің бірі болса, Қырғызстан – қазақтар үшін маңызды орын алмайды.

Бұл мәселені шешуде қазіргі таңда дауласушы тараптар, әсіресе қырғыздар тарапы арағайындыққа Мәскеудің араласып, шешкенін құп көріп отыр. Себебі, осы даудың кесірінен, қырғыз тарапынан келетін ағын судың күрт азайып кету мүмкіндігі бар екендігін ескерткен Қазақстан тарапын «ренжітіп» алмас үшін, РФ Қырғызстандағы бірқатар гидротехникалық нысандар құрылысын қаржыландыруды тоқтатты. Туындаған бұл мәселесін шешпесе, жағдайдың күрт қиындап бара жатқанын түсінген қырғыздардың Мәскеуге жалтақтауы түсінікті. Осыны түсінген Ресей, екі жақ тең деңгейде келіссөздер жүргізу үшін, өз территориясын ұсынды. Бейтарап аумақ ретінде Санкт-Петербург таңдалып, екі жақтың да парламент төрағалары бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылады. Нәтижесін алдағы күндері байқайтын боламыз, дейді Сейілбек Асанов.

3d199096a16bb4afef00df1f4e7

Загрузка...