Вашингтон: Өзбекстан қарым-қатынастың тұрақтылығын қолдайды

44 просмотров

АҚШ-тың жоғары лауазымды дипломатының айтуынша, тәуелсіздік алған уақыттан бері алғаш рет билік ауыстырып жатқан Өзбекстан Құрама Штаттармен қарым-қатынасы тұрақты болғанын қалайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің Орталық Азия мәселелері жөніндегі орынбасары Дэниел Розенблюм Ташкентте Өзбекстан ішкі істер министрі Абдулазиз Комиловпен кездесуден кейін осындай мәлімдеме жасады.

«Кездесуде Комилов екі жақты қарым-қатынастың тұрақты болғанын қалайтынын жеткізді, сол себепті мен оның айтқанын маңызды хабар деп қабылдадым», — деді Розенблюм.

АҚШ дипломаты өткен аптада президент Ислам Кәрімов қайтыс болғалы бері Ташкентке бірінші рет келіп отыр. «Мен президент Кәрімовтың қазасына байланысты көңіл айтамын. Бұған қоса біз Өзбекстанмен арадағы әріптестікке берік екендігімізді білдіремін», — деді ол.

Розенблюмнің айтуынша, «кез келген елде басшылықтың ауысуы қандайда бір қиыншылықтар туғызатыны анық, бірақ мұндай өтпелі кезеңдер мемлекеттерге бейімделу мен нығаю жолын іздеуге көмектеседі».

maxresdefault

Загрузка...