Өткен демалыс күндері Түркияға алынған 400-ге жуық билет кері қайтарылды — Эйр Астана

28 просмотров

Қазақстандықтар өткен демалыс күндері Түркияға бағытталған 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған.

Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде «Эйр Астана» АҚ компаниясының президенті Питер Фостер мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Қазір Түркияға арналған трафиктің Дубай, Бангкок, Вьетнам, Грузияға бағытталып жатқандығы байқалады, — деді Питер Фостер.

Ол сонымен қатар, өткен демалыс күндері Түркия бағыты бойынша сатып алынған 400-ге жуық билеттің кері қайтарылғандығын, Франция бағытындағы билеттердің өте аз мөлшерде қайтарылып жатқандығын атап өтті.

— Бірақ, бұл жерде Түркияға бағытталған билеттер жаппай қайтарылып жатыр деп айтуға болмайды. Дегенмен, нақты Антальяны алып қарайтын болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар саны елеулі түрде азайды, — деді компания президенті.

Загрузка...