Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
14
USD
517
+3.82
EUR
585
+2.79
RUB
6.25
-0.06

Талдықорғанда ұры әйелдер ұсталды

111

Бұл туралы Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу кезінде Талдықорған қалалық сотының шешімімен екі әйел қамауға алынды.

“Екі әйел де Көксу ауданы Балпық би ауылының тұрғындары. Күдіктілер бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, Талдықорған қаласында базарда, қоғамдық көлікте және ірі сауда үйлерінде келушілердің қалтасына түскен. Аталмыш деректерге қатысты келтірілген шығынның жалпы сомасы – 400 мың теңге. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды”, — деп хабарлады полициядағылар.

Ұсталғандардың жеті әйелдің әмиянын ұрлағандығы дәлелденді, әмиян иелері полицияға ресми түрде шағым түсірген.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз