Талғат Ермегияевтің тәркіленген мүліктері жария етілді

39 просмотров

“Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің тәркіленген мүліктері жария етілді. Сотта оның жеке шоттағы қаражаттарымен қоса, бірқатар компаниядағы үлестері, тіпті үйінен бастап көптеген көліктеріне дейін аты аталып, түсі түстелді.

Судья Әділхан Шайхисламов Астана „ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ пайдасына Ермегияевтен шамамен 6 млрд теңгені, ал мемлекет бюджетіне шамамен 177,3 миллион теңгені өндіруді бұйыратын үкім шығарды деп хабарлайды Қазақстан Жаңалықтары.

Оның сыртында сотта Ермегияевке тиісті көптеген активтердің тәркіленетіндігі де жарияланды.

— Ермегияевтің жеке мүлкі келесідей: “Самбек” ЖШС – 30пайыз, “ТКМ” ЖШС – 30пайыз, “Глобус Алматы” ЖШС – 50пайыз, “Хозутранс” ЖШС – 100пайыз, “Рахат Авто” ЖШС – 18пайыз, “Глобус Астана” ЖШС – 50пайыз үлестері;

“Халық банкі» АҚ – 380 113 теңге, “АТФ банк” АҚ – 5 600 АҚШ доллары, “АТФ банк” АҚ карта есеп-шотындағы – 39 739 еуро, 13 мың еуро ақшалай қаражаты,

2010 жылы шыққан Lexus 570 автомашинасы, 2014 жылғы Lexus 570 автомашинасы, 2009 жылғы Mercedes-Benz 500 маркалы автомашинасы, 2014 жылғы Mercedes-Benz S506 маркалы автомашинасы, 2014 жылғы Mercedes-Benz маркалы автомашинасы, 2014 жылғы Lexus LX570 маркалы автомашинасы мемлекет кірісіне енгізілсін, – деді судья.

Сондай-ақ Талғат Ермегияевқа табыс етілген “Парасат” ордені алынады.

„Алматы қаласындағы пәтерді, ВАЗ маркалы автокөлікті, Алматы облысындағы екі жер учаскесін, Астанадағы жылжымайтын мүлкін, Тельман кентіндегі екі жер учаскесін мемлекет кірісіне алу жөнінде, ал Ермегияевтің жұбайының мүлкі – Астанадағы пәтерге салынған бұғаттауды алып тастау туралы үкім шығарамын” — дейді сот.

Талғат Ермегияевтің өзі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Загрузка...