Талғат Байсуфинов: Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы тас-түйін дайын

56 просмотров

Қазақстан футболшылары 2018 жылы өтетін әлем біріншілігінің кезекті іріктеу матчын Подгорицада өткізеді.

Мұнда Талғат Байсуфинов шәкірттері Черногория ойыншыларымен кездеседі. Бас жаттықтырушы ойын қарсаңында баспасөз маслихатын өткізіп, ойымен бөлісті деп хабарлады 24.kz.

Ұшақтан түскен бетте білдік. Күн райы бұзылыпты. Кешелі бері жауын десті қарсы алушылар. Ойын өтер шақта бұлт ыдырап, жайма-шуақ кез орнайды. Ол енді кімнің көңіл-күйі екенін матч көрсетеді десті олар. Артынша қонақ үйге орналасып, кешке таман жаттығу басталды.

Матч алдындағы жаттығу елдегі футбол одағына қарасты алаңда өтті. Негізгі стадион майсасы бүлінбеуі үшін шараны осында ауыстырған. Бас бапкер де, басқалары да оған аса мән берген жоқ. Реті солай болған шығар десті де қойды. Ойыншылар жүгірді, секірді. Дене қыздырды, доп лақтырып ойнады. Қақпашылар Юрий Новиков кеңесін тыңдай жүріп, жаттықты.

Айтпақшы, оған дейін баспасөз мәслихаты өткен. Талғат Маруанұлы тактика таңдалғанын, дәл қазір жария етуді жөн көрмейтінін айтты.

«Астана» клубы аптасына екі рет доп теуіп жүр. Ел кубогы жолындағы жарыс, Еуропа лигасының кездесулері. Талғат Маруанұлы ұлттық құрамаға шақырту алғандарды аздап тынықтырыпты. Жігіттер жігерлі секілді. Әбден ширығып алған. Намыстың құнын сезетін секілді. Ойынға тас-түйін дайын екендіктерін айтып жатыр, енді алаңда дәлелдеуге тырысамыз деседі.

Загрузка...