Түрік әскері Сирия аумағындағы содырларды шекарадан ығыстырып шығарды

68 просмотров

Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырымның хабарлауынша, түрік әскері мен сириялық қарулы оппозициясы «Ислам мемлекетінің» Сирия аумағындағы экстремистік топтарын шекаралас аудандардан ығыстырып шығарды.

Осылайша, Йылдырымның айтуынша, сирия-түрік шекарасында жиһадшылар бақылайтын бірде бір аудан қалған жоқ. Елдің оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр қаласына сапармен барған Түркия үкімет басшысы ұлттық телеарнада осылай деп мәлімдеді.

Сириялық адам құқықтарының бұзылуын бақылау орталығы «Ислам мемлекеті» тобы шекаралас аймақтардан ығыстырылған соң, сыртқы әлеммен байланыс орнату мүмкіндігінен айрылып қалды деп есептейді.

24 тамызда Түркия Сириядағы әскери операциясын бастады. Түркия үкімет басшысының мәлімдеуінше, Анкара Сирияның солтүстігінде «жасанды» мемлекеттің пайда болуына жол бермейді.

Бұған дейін, жексенбі күні АҚШ президенті Барак Обама Түрік президенті Режеп Тайып Ердоғанға «»Түркияның Сириямен шекарасын аман сақтау» қажеттілігін айтқан еді. Мемлекет басшылары «үлкен жиырмалық» саммиті өтіп жатқан қытайлық Ханчжоу қаласында кездесті.

6C8F08C5-42FF-4914-BAA7-AA1B39207097_w987_r1_s

Загрузка...