Шымкенттіктер жаппай Алматыға көшіп келуін тоқтатар емес

58 просмотров

Ranking.kz талдау қызметінің зерттеулері көрсеткендей, Жамбыл жане Алматы облыстарының тұрғындары жаппай ауылдардан көшіп жатыр. Ал Шымкент тұрғындары тіпті Шымкент қаласын тастап, Алматыға қарай ағылуда.

Сарапшылардың пікірінше, 2007 жылдан бастап Қазақстанның өңірлерінде ауылдан қалаға көшу үрдісі қатты байқалады. Тек 2016 жылдың алғашқы тоқсанына қатысты ресми дерек бойынша, 38 208 адам ауылдан қалаға көшіп алған.

Көшіп келгендер есебінен халық саны ең қатты өсіп отырған қала – Алматы қаласы екен. Үш айдың ішінде Алматы тұрғандарының саны 8586 адамға көбейген. Алматыға көбінесе Алматы облысы, Жамбыл облысы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары көшіп келеді деседі. Оңтүстіктен ағылатын мигранттар қалаға жұмыс іздеп келеді, деген ой қорытады сарапшылар.

Загрузка...