Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үштілді білім алған бала қазаққа қызмет ете ме, әлде…

232

Айдос Сарым, саясаттанушы:

– Үштілділік неден туындады? Ол мынадан туындады:

бүгінгі күні орыстілді билік өзінің дәурені өтіп бара жатқанын жақсы сезінді. Осыны сақтап қалу үшін «үштілділік» деген қойыртпақты ойлап тапты.

Ондағы басты міндет – қазақ рухты мемлекетті болғызбау. Егер осыны мойындамаса, қалғанының бәрі бос сөз.

Екінші мәселеге көшейік. Мектеп дейміз, сенім, жауапкершілік дейміз… Ал, жарайды, үштілділік мәселесі дұрыс болсын. Қазақстанда 3 мың мектеп бар делік. Соның 3 мың директоры орынбасарларымен бірге жауапқа тартылуы керек. 25 жылда математиканы үйретті, химиядан, физикадан олимпиада өткізді,

ал 11 жылда қазақша үйрете алмаса, онда жауап беруі тиіс.

jumaly1Расұл Жұмалы, саясаттанушы:

Өз басым елу шақты елде болдым. Солардың бірінен екі тіл, үш тіл деген мәселені атымен көрген жоқпын. Ол мемлекеттер бұл қадамға ақылы жетпегеннен бармай отырған жоқ. Өзінің ұрпағын, өзінің болашағын ойлағандықтан солай жасап отыр. Меніңше, үштілділік деген ұстанымның өзі әу бастан қате.

Адам тек бір тілде ғана ойланады. Тиісінше, сол тілден өзінің мәдениетін, болмысын, өмірін танымын қалыптастырады. Мұстафа Шоқайдың «Бала қай тілде білім алса, сол ұлтқа, сол мемлекетке қызмет етеді» деген сөзі бар.

Үштілді білім алған бала қазаққа қызмет ете ме, Ресейге ме, ағылшынға ма?

59DF4CE6-84CA-4C19-9D68-A5711D5CD906_mw800_s-640x420Асқар Жұмаділдаев, академик:

– Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары. Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты.

Қазақ тілінде бастауышқа, орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек.

Үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту!

43F29F98-9005-4744-85B9-E0E434299080_mw1024_mh1024_s

Қабдеш Жұмаділов, жазушы:

– Бізде тәуелсіздік алғалы бері 18 министр ауысыпты. Сонда оқу-ағартудан кеткен кемшілікті, олқылықты кімнен сұраймыз? Ешкім де жауап бермейді. Бәрін бүлдіріп алады да, Сағадиев те кетеді ертең. Кінәнің бәрін өзіне арқалатады да, қоя береді. Әрқайсысы бір-бір реформамен келеді.

Мектепте үш тілде оқыту – балалардың басын шіріту. Бізге ұлтты жоюдың программасын жасап бергендей біреулер.

Соны біртіндеп іске асырып келе жатырмыз. Мектептеріміз Сәбет одағынан кейін керемет дамып кетті деп айта алмаймыз. Сол кездегі ғылымды сақтай алдық па? Баяғы Ғылым академиясы қайда?

 

IMG_9144_1000x768Әміржан Қосанов, саясаткер:

– Қазақстандағы ресми тілдің салтанат құруына ықпал етіп отырған Путиннен құтыла алмаймыз.

Есесіне, үкіметтегі, түрлі билік органдарындағы ресейшіл шенеуніктерден арылуымыз қажет.

Мен негізгі министрліктердің тізгінін ауылда туған, шаңның арасынан шыққан, әжесінің тәрбиесін көрген, түсін қазақша көретін азаматтар ұстаса деп армандаймын. Қоғам осы пікірді қалыптастырып, биліктен талап етуі керек.

Жаныл-Жонтаева-696x464Жаңыл Жонтаева, Орта білім беру департаментінің басшысы:

– Қазақ тіліне берілген уақыттың бір сағаты да қысқарған жоқ. Қазақ әдебиеті пәнінің сағаты да өзгермейді. Қазақстан тарихы 5-9 сыныпта 2019 жылдан бастап мектеп тіліне қарамастан қазақ тілінде оқыту ұсынылып отыр. 5-9 сыныптың бағдарламасы әлі бекітілген жоқ, тамыз кеңесінде нақты ұсыныстар енгізіледі. Ал, Дүниежүзі тарихы 7 сыныптан бастап 2019 жылы орыс тілінде оқыту ұсынылып отыр. 10-11 сыныптарда профильдік пәндер енеді. Физика, химия, биология, информатика пәндері 10-11 сыныптарға ағылшын тілінде оқыту ұсынылып отыр. Бұл ұсыныстар қоғамдық комиссияда талдануда. Тамыз кеңесінде ұсыныстар тағы қабылданады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз