Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Шерхан Мұртаза: Кенесарының басы қайда?

288

Тұғыр салғыш – кәдімгі өзіміздің Шота Уәлихан.

Кенесары ханның басында айырқалпақ. Қалпаққа кейде шымшық қонып отырады.

Ал шын өмірде Кенесары өз жасақтарымен Ақмола атты патша қамалына қарсы беттен, яғни, оңтүстік-батыстан солтүстік бетке қарай шабуыл жасаған.

Сөйтіп, патшаның зеңбірекпен, мылтықпен мұздай қаруланған қорғаныс қамалына найзамен, қылышпен, дойыр қамшымен, шоқпармен қаруланған қолды бастап, Ақмола қамалын басып алған.

Бәрі дұрыс. Бірақ кейін патшаның сансыз әскеріне, зеңбірегіне қарсы тұра алмай, оңтүстікке Қырғызияға қарай бет алды. Қырғыздың шонжарларымен мәмілеге келіп, патшаға қарсы одақ құрмақшы еді. Бірақ патша губернаторлары қарап жатпай қамданып, қырғыз манаптарының аузын алып, зеңбірекпен, мылтықпен қаруландырып, Кенесары қолына қарсы шығуға дайындап қойған екен.

Келелі істің аяғы кері кетіп, Кекілік таудың тұсында, хан Кене қолға түсіп, жауыздар оның басын кесіп алып, патшаға тарту ретінде Омбыға, одан соң Петербургке жіберген дейді. Бірақ сол бас әлі табылмады.

Ал Астана қаласының қақ ортасында, Есіл өзені жағасында алпауыт атқа мінген Кене хан шіреніп отыр. Басында айыр қалпақ. Бұл тас бейне.

Ары-бері ағылып өтіп жатқан адамдар. Ескерткішті айнала қойылған скамейкаларда отырғандар.

Көбісі хан Кененің өз басы әлі табылмағанын білмейді.

Бұл да бір кем дүние.

Өкінішті дүние.

Шерхан МҰРТАЗА

«Бір кем дүние» жинағынан үзінді

11_big

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз