«Шекарасыз дәрігерлер»: Сирияда балалар ауруханасын бомбалады

31 просмотров

Төрт соққының екеуі ауруханаға түскен, дейді дәрігерлер. 6 тамыздағы әуе шабуылынан аурухананың алты қызметкері жараланды. Соққыны нақты кім жасағаны әзірге белгісіз.

Өткен айда БҰҰ Сириядағы денсаулық сақтау нысандарына 44 мәрте шабуыл жасалғанын хабарлаған еді. Сирия үкіметі және Ресей бұл елдегі ауруханаларды нысанаға алмадық деп отыр. Қазан айында америкалық әуе күштері қателесіп кетіп, Ирактың солтүстігінде «Шекарасыз дәрігерлер» ауруханасын соққылап тастаған еді. Сол кезде 42 адам қайтыс болған. Кейін Құрама Штаттар қайғылы оқиға үшін кешірім сұрады.

Загрузка...