Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сенат депутаты Каспий теңізінен мұнай өндірудің белгілі бір шегін енгізуді ұсынды

354

Бүгін Сенатта Каспий теңізіндегі кен орнынан мұнай өндіруге бағытталған Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты келісімшартты ратификациялау кезінде сенатор Сәрсенбай Еңсегенов осындай мәселе көтерді деп хабарлайды 24.kz.

Сенат депутатының айтуынша, Каспий теңізінен қара алтын өндіру салдарынан ол жердің экологиясы өте қауіпті деңгейге жеткен. Флорасы мен фаунасына қатты зақым келген.

«Теңізшевройл» компаниясының 3-кезеңі іске қосылған кезде 36 млн тонна, ал «Қашаған» іске қосылса 21 млн тонна мұнай өндіріле бастамақ. Ал осы екі компанияның өзі бір жылда қоршаған ортаға 171 мың тонна зиянды қалдық шығарады. Демек, алда олардың өндіріс көлемінің артуына байланысты бұл зиянкестік әрекеттің де мөлшері зорая түспек.

Осы жайттарға алаңдаған Сәрсенбай Еңсегенов Каспий теңізінен мұнай өндірудің белгілі бір шекті мөлшерін белгілеу керек деп санайды. Өйткені, есепсіз өндірістен кейін ол жердің экологиясын қайта қалпына келтіру қиынға соғады.

Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Бұл менің жеке ой-пікірім және бұны табиғат қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдар да қолдайды, айтып та жүр. Табиғатты қорғау жөніндегі министрлікті қайтадан қалпына келтіріп, өз алдына бөлек шығару керек. Қазіргі кезде экология саласын қарайтын министрлік көмірсутегін өңдеумен тікелей айналысатын Энергетика министрлігінің құрамында жүр. Бұл жерде айтпаса да түсінікті. Себебі экономикада өндірісті дамытуға байланысты біздің экологиялық мәселеміз екінші қатарға ығысатыны, сөзсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз