Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Салафизмге қарсы идеологияны күшейту керек – М. Әшімбаев

«Заң жобасында идеологиялық қарсы тұру немесе салафизм идеологиясына қарсы күрес мәселелері қамтылып отырған жоқ. Салафизм – бұл идеология. Ал идеологияға тек идеологиямен ғана қарсы тұра аламыз. Яғни, халыққа түсіндіру, мемлекеттің осы бағыттағы саясаты, біздің ханафиттік мәзхабымыз туралы кеңінен түсіндіру керек. Мен мұны жалпылама айтып отырмын, өйткені, заң жобасында идеологиялық немесе басқа да қызметтер туралы толық қамтылмаған», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар, депутат аталған мәселе жұмыс топтары аясында кеңінен талқылауға мүмкіндіктер болатынын жеткізді.

«Әрине, өте күрделі мәселе. Бірдеңе сараптап, бір мәселелерді бөле-жара алып айту, норма енгізу оңай емес. Дегенмен, халықаралық тәжірибелерді зерделей отырып, жұмыс істеуге болады деп есептеймін», – деді М. Әшімбаев.

Талқылау барысында Қазақстан мұсылмандары басқармасы төрағасының орынбасары, Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы  Серікбай қажы Ораз мешіттен басқа орындарда уағыз жүргізу мәселесіне түбегейлі тыйым салу керектігін алға тартты.

maxresdefault

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз