Сәрсенбіге келген Рио Олимпиадасының бесінші күні Қазақстан үшін сәтті болды. Қазақ елі командасының қоржыны екі алтын және бір күміс медальмен толықты, – деп хабарлайды kaz.365info.kz тілшісі.
Ниджат Рахимов
Сонымен, жарыс қортындысы бойынша, екінші орынға Лондон олипиадасының чемпионы, қытайлық атлет Люй Сяоцзюнь ат басын тіресе, қола жүлде мысырлық зілтемірші Мұхаммед Махмұдке (361 келі) бұйырды.
Бұл күні брасс әдісімен 200 метрге жүзуде Азия Ойындарының үш дүркін чемпионы Дмитрий Баландин Ниджаттың жеңісін жалғастырып, қазақ елінің қоржынына екінші алтын жүлдені салды.
Дмитрий Баландин
Қазақстандық спортшы 200 метр қашықтықты 2:07:46 уақытта жүзіп, бірінші орынға ие болды. Екінші орынды америкалық Джош Прено (2:07.53) алды. Ал ресейлік Антон Чупков (2:08.08) үшінші орынды қанағат тұтты.
Қанжығасына 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль байлаған Қазақстан құрамасы бес күннің қорытындысы бойынша 11-ші орынға көтерілді.