Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваға қайта орала ма?

1 303 просмотров

Әлеуметтік желі де Сәбит пен Алтынай ажырасты деген әңгімелер саябырламай тұр. 

Бұған өздерінің Инстграм парақшасынан бір-бірінің суреттерін өшіріп тастаған жұлдызды жұптың өздері себеп болып отыр. Жақында ғана ауруханадан шыққан Сәбит Инстаграм желісінде жаңа парақша ашыпты. 

Парақшасында алғашқы суреттердің бірі ретінде Айгүлден туылған ұлымен бірге түскен суреттерін жариялаған. Байқауымызша, әкесі мен баласы қазір Оңтүстіктегі шипажайлардың бірінде демалып жатыр.

Асылжан баламмен. @asek33

A photo posted by Сәбит Әбдіхалықов (@sabitabdikhalykov) on

“Құрметті менің оқырмандарым! Әлеуметтік желідегі менің ресми жаңа парақшам осы! Алдыңғы парақшамды бүгін біреулер бұзып тастады. Менің атымнан ыңғайсыз хаттар барып жатса, алдын ала кешірім сұраймын!Аллаh бас амандығын берсе, менің алдағы жұмыстарымды осы парақшадан көре аласыздар! Қазағымның басынан бақ кетпесін!” – деп жазады бұл орайда Сәбит Әбдіқалықов.

Ал әлеуметтік желідегі жұрт Сәбиттің жаңа парақша ашуын сан-саққа жорыған екен. Тіпті арасында «Сәбит пен Айгүл қайта қосылуы мүмкін» деп пікір білдіргендер де бар. 

 

Загрузка...