Сәбит Әбдіқалықовтың жүрегі сыр беріп, тағы ауруханаға түсіп қалды

82 просмотров

Актер Сәбит Әбдіқалықовқа ота жасалуы мүмкін.

Бұл туралы Ньюстар басылымына сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.

Бір ай бұрын Асылхан Төлепов өнердегі ұстазы Сәбит Әбдіқалықовтың инфаркт алып, ауруханаға түскенін хабарлаған болатын. Артынша актер өз жағдайының дұрыс екенін айтқан-ды.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, продюссер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов ауруханаға түсті. Осыған дейін де “инфаркт” алып, ем алған болатын. Сәбит мырзаға ота жасалуы мүмкін, – деп жазады аталған басылым.

Бүгінде Сәбит Әбдіқалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған Асылжан есімді бір ұлы, Алтынай Жорабаевадан туған төрт қызы бар. Өзі “Ақбура НС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігін туыстарымен бірге басқарады. Серіктестік жолаушыларға арнап пойыз төсеніш-жамылғыларын тігумен айналысады.

Загрузка...