Еуро одақтан Ұлыбританияның шығуын дауысқа салған жалпыхалықтық рефрендумда 25 миллионнан астам дауыс есепке алынды. Одақтан шығуды қолдаушылар дауысы миллионға артық.
ВВС мәліметіне сүйенсек, қазірдің өзінде сарапшылар Ұлыбританияда Еуро одақтан шығуды қалайтындардың басым екенін мойындап жатыр.
Шотландия мен Солтүстік ирландия, сол секілді Лондон тұрғындары Одақтан шығуға қарсы дауыс берді.
Ұлыбританияның үкімет басшысы Дэвид Кэмерон бір сағаттан кейін бұл референдумның ресми қорытындысын жариялайды деп күтіліп отыр.
Егер Ұлыбритания Еуро одақтан шығатын болса, бұл халықаралық экономиканың бүлінуіне әкеледі. Сондықтан сарапшылар барша әлемге ағылшындардың одақтан шықпағаны тиімді екенін айтып жатқанын еске сала кетелік.