Өткен сенбіде жылдың айтулы оқиғасы «Гәкку Дауысы 2016» фестивалі өтті. Аталмыш шара биыл үшінші рет қолға алынды.
Бұл туралы Гәкку арнасы хабарлады.
Алғаш рет мұндай шара арнаның ашылуына байланысты ұйымдастырылды. Содан кейін жыл сайынғы үрдіске айналған-ды. Алайда, бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек болды. Себебі, онда сахнаға енді ғана қадам басқан әншілермен қатар, өнер майталмандары ән салды.
Рахат Тұрлыханов, аңыз әнші: “Ән айтпағаныма тура 15 жыл өтті. Ұзақ уақыт ән салып, өнер көрсетпедім. Шынымды айтсам әлі күнге халықтың есінде екеніме таң қалдым. Өте керемет атмосфера. Гәкку арнасына рақмет“.
Айта кетейік, өткен жылы алаңға 40 мың халық жиналған болатын. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі есеге артты. Нақтырақ айтсақ, 90 мыңға жетті.