ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағалығына Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылды

43 просмотров

Бүгін Мәжілісте Елбасының қатысуымен „Нұр Отан„ фракциясының отырысы өтті.

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Мәжілісте Елбасы төрағалыққа Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды. Өз кезегінде „Нұр Отан„ фракциясы Мәжіліс төрағалығына ұсынылған Нығматулиннің кандидатурасын бір ауыздан қолдады.

— Кандидатураны Мемлекет басшысының өзі ұсынады. Сондықтан фракция оны бірауыздан қолдады. Біз ол кісімен көп жылдар бойына жұмыс істеп келеміз, — дейді Мәжіліс отырысынан кейінгі сұхбатында депутат Майра Айсина.

Оның пікірінше, Нығматулиннің кандидатурасын өзге фракциялар мен Қазақстан халқы ассамблеясы да қолдауы керек.

Загрузка...