Қарағанды облысының психиатрлары «ақыл-есі кем» деп таныған тұрғын өзінің әрекетке қабілетті екенін дәлелдеп шықты.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Сот сал ауруына шалдыққан Дос Төлегеновтың өзінің іс-әрекетіне толықтай жауап беретін еңбекке жарамды деген үкім шығарған. Дегенмен, жүйке-жүйесінде ауытқушылық бар деп диагноз қойған мамандар жауапқа тартылмады, – дейді.
Туғанынан сал ауруына шалдыққан Дос Төлегеновтың қуанышында шек жоқ. Өйткені, әуелі “ақыл-есі кем” деп танылған азамат өзінің еңбекке толық жарамды екенін сот арқылы дәлелдеп шыққан. Жеңіске жету де оңай болған жоқ дейді ол. Бір жылдан бері әрекетке қабілеттілігін растау үшін Дос бір емес, үш рет сараптамадан өткен. Тек Астанада жасалған соңғы сот-психиатриялық тексерудің нәтижесі азаматтың жұмысқа жарамды екенін көрсеткен.
Дос ТӨЛЕГЕНОВ, І топтағы мүгедек:
Қорқынышты диагноздың қойылғанын азаматтың өзі де білмеген. Тек жақындары жарты жыл бұрын пәтер құжаттарын рәсімдеген кезде ғана байқағандарын айтады. Содан бері бармаған жері, ашпаған есігі қалмапты. Бірақ құзырлы органдағылар уақыт созуға тырысты дейді.
Бірақ Дос Төлегенов адам тағдырымен ойнаған сарапшылардың үстінен арыз жазам деп отыр. Құқығын таптағаны үшін. Айта кету керек, 42 жастағы азамат теледидар жөндеумен айналысады. Тіпті ауылда өзінің шеберханасы да бар.